Новости

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС бойынша жүргізіледі.  Скрининг — бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау.

«Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар, 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер, Тәуекел топтары. Мінез-құлықтық тәуекел факторлары, артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабеті, глаукома, жатыр мойны обыры, сүт безі обырын қатерлі ісігі, колоректалды обыр, В және С вирустық гепатиттері сынды ауруларға арналған.», — дейді МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері.

Мамандардың айтуынша, скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек.  Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті. Скринингтен өту үшін пациенттің МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесі болуы қажет.

Related Posts

Новости

МӘМС есебінен жүрек талмасы бар науқасқа ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқастар көп. Солардың қатарында -  Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да
Новости

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және
Новости

Басты мақсат – сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамту

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жыл басынан 3 мыңнан аса тұрғын тіркелген. Бүгінде мекеме барлығы 77 жарым мыңдай адамға медициналық көмек көрсетуде. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде