Алматы облысында «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «QAISAR» әскери-патриоттық жобасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2022 жылдан бері жүзеге асып келеді.
Ауқымды патриоттық бастаманы облыста «Жастар Рухы» жастар қанатының өңірлік филиалы жоғары деңгейде ұйымдастырды. Шараға Алматы облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қолдау көрсетті.
Алдымен аудандық іріктеу кезеңдеріне 1935 оқушыдан құралған 387 команда қатысып, үздіктер облыстық финалға жолдама алды. Ақтық кезеңде 11 командадан құралған 55 оқушы өзара бақ сынады.
Жарыс қорытындысы:
• 1 орын – Кеген ауданы (70 000 теңге)
• 2 орын – Іле ауданы (50 000 теңге)
• 3 орын – Қонаев қаласы (30 000 теңге)
Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.
Енді облыстық кезеңнің жеңімпазы – Кеген ауданының командасы Қарағанды қаласында өтетін республикалық финалда Алматы облысының намысын қорғайды.