МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек ала алатынын мәлімдеді. Айтуларынша, созылмалы аурулар бойынша медициналық көмек алу үшін науқастың диагнозы қойылуы керек. Медициналық қызметтердің көлемі және олардың кезеңділігі ДСӘДМ № 149 бұйрығымен бекітілген. Бұл бұйрықта созылмалы аурулар 3 топқа бөлінеді.
«ТМККК шеңберінде тіркеу емханасында байқалатын созылмалы аурулар. Бұған созылмалы жұқпалы аурулар, қан және қан түзуші органдардың аурулары, қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдары, ас қорыту органдары, тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін, эндокриндік жүйе, тамақтанудың бұзылуы және метаболизмнің бұзылуы, жүйке жүйесінің аурулары, несеп-жыныс жүйесі, сондай-ақ перинаталдық кезеңдегі жекелеген жағдайлар және туа біткен ауытқулар (даму ақаулары), балалардағы деформациялар және хромосомалық бұзылулар жатады», — дейді қор өкілдері.
Мамандардың айтуынша, екінші ТМККК шеңберінде бейінді мамандар бақылайтын созылмалы аурулар. Бұл аурулардың 37 тобы, олардың ішінде жұқпалы аурулар, қатерлі және қатерсіз ісіктер, эндокриндік және неврологиялық, травматологиялық бейіндегі аурулар және т. б. Сонымен қоса, үшінші ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде бейінді мамандардың бақылауын қажет ететін созылмалы аурулар. Бұл аурулардың 80 тобы, олардың ішінде жұқпалы және паразиттік аурулардың салдары, қан мен қан түзуші органдардың аурулары, эндокриндік жүйенің аурулары, тамақтанудың бұзылуы және метаболизмнің бұзылуы, несеп-жыныс жүйесінің аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, көз аурулары, есту органдарының аурулары.