Новости

МӘМС есебінен жүрек талмасы бар науқасқа ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқастар көп. Солардың қатарында —  Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да бар.

«Менің әкем — 83 жаста. Созылмалы жүрек талмасымен ауырады. Біз көптеген ауруханаға бардық, тіптен жеке емханаларға да жүгінген болатынбыз. Бірақ, әкемді ешкім отаға алғысы келмеді, дәрі — дәрмек жазып та бермеді. Біз ұзақ уақыт бойы жақсы, тәжірибелі дәрігерлерді іздедік, кейіннен осы ауруханаға келуге кеңес берді. МӘМС аясында барлық емді тегін тағайындады. Отадан кейін оңалтудан өттік. Қажетті дәрі-дәрмектері тегін берілді. Мемлекетке рахмет», — дейді науқастың ұлы.

 

Науқастың жүрек талмасын тексеру үшін ЭКГ, ЭхоКГ (Эхокардиография) және аорта контрастын компьютерлік томографиясы сияқты инвазивті емес әдістер қолданылды. Барлық процедуралардан кейін науқасқа аорта қақпақшасының стенозы диагнозы қойылды. Дәрігерлер «қолқа қақпағын транскатетерлік имплантациялау (TAVI)» отасын жасау туралы шешім қабылдады.

«TAVI-қолқа қақпақшасы стенозын емдеудің заманауи аз инвазивті мамандандырылған әдісі және клиникалық көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі. Бұл ашық хирургиясыз ота, яғни қолқа қақпағын ауыстырған кезде жүрекке қол жеткізу үшін біз науқастың кеудесін тілмейміз. Барлық манипуляциялар тек қан тамырларына енгізілген катетер арқылы жүзеге асырылады. Мұндай операцияның артықшылықтары стационарлық емдеудің қысқа кезеңі, аз инвазивтілік, атравматикалық, жеңіл төзімділік және тез оңалу процессі. Жалпы, МӘМС шеңберінде біздегі күрделі оталар тұрғындарға тегін жасалып жатыр. Оңалту шараларымен де қамтылып отыр», — дейді кардиохирург Сергей Мусаев.

Ота сәтті аяқталып, науқас дәрігердің кеңесімен үйіне шығарылған.

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысында аманаттық депутаттар халықты алаңдатқан мәселелерді көтерді

Алматы облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті жиналысы өтті. Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен алда тұрған міндеттер талқыланды. Алматы облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған
Новости

Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ЛОР дәрігерлері мен акушер-гинекологтары жоспарлы түрде жүкті әйелге бір сәтте қос ота жасады. Келіншек ауруханаға мұрынның сол жақ бөлігінен тыныс жетіспеушілігі және қан кету шағымдарымен түскен.
Новости

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу қажет болатын табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды ұсынған заң жобасын дайындап, жариялады. Жоба талқылау үшін еркін
Новости

Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғынында бұдан бөлек шап жарығы анықталған. Өзі тіркелген ауруханада қажетті зерттеуден өтіп, жоспарлы отаға жіберіліпті. Дәрігер-уролог Айдар Жанбатырұлы отаның 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталғанын айтады. «Көбінесе, гидроцеле туғаннан