Без рубрики

МӘМС: Дәрігерлер 70 жастағы қарияның коронарлық артериясын қалпына келтірді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиологтары мен кардиохирургтары 70 жастағы науқасқа коронарлық артериясына шунттау жүргізді. Егде жастағы азамат кеуде тұсындағы ауырсыну және қатты ентігу шағымдармен жүгінген.

Жалпы, коронарлық артерияны шунттау немесе АКШ — бұл жүректің ишемиялық ауруының соңғы кезеңдерін тиімді емдеуге және жүректің негізгі тамырларының қалыпты өткізу қабілетін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ота. АКШ отасы жүрек бұлшықетіне артериялық қан ағымын қажетті мөлшерде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Науқастың жүрегіне хирургиялық араласу коронарлық артериялардың бітелуі 60-70% — ға жеткен кезде және стенттеу немесе ангиопластика жарамсыз, дәрі-дәрмекпен түзетілмейтін стенокардияның ауыр көріністері болған жағдайларда ұсынылатын ота түрі. Бұл жағдайда біз науқастың жасын және қосалқы шағымдарын ескере отырып, АКШ жасау туралы шешімге келдік. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында өтті», — деді кардиолог-дәрігер Тимур Ибрагимов.

Ота тамырдың зақымдалған аймағын айналып өтіп, артериялық қанның жүрек бұлшықетіне қосымша жолын жасау үшін жүргізілді. Операцияның басында жүрекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін кеуде қуысының ортасында кішігірім тілік жасалады. Одан кейін шунт ретінде пайдаланылатын күре тамырды дайындап, хирургтар зақымдалған тамырды айналып өтетін артериялық қанның өткізгіштігін реттейді. Соңғы кезең-тігістер салынып, дренаж орнатылады.

«АКШ отасының өзінен кейін оңалту — денсаулықты одан әрі жақсаруына мүмкіндік береді. Жүрек тамырларын айналып өтетін отаны жасатқан науқасты толық қалпына келтіру үшін 2-6 ай қажет. Ота сәтті өтті. Алғашқы 2 күнде науқас қарқынды терапия бөлімінде болды. Қазір біз оны кардиология бөліміне ауыстырдық», — деді Тимур Ибрагимов.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.
Без рубрики

МӘМС: Биыл Қонаев қаласында 25 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МӘМС аясында 5000-ға тарта адам ем алған. Оның 2035-і жоспарлы түрде медициналық көмекке қол жеткізді. Мекемеде күндізгі стационарда 2 мыңнан астам тұрғын ем-дом қабылдады. Жалпы, жыл
Без рубрики

Алматы облысындағы сотталушылар дәрігерлер тексерісінен өтті

Медициналық қызмет - жалпыға бірдей қолжетімді. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары 150-ге жуық жазасын өтеушіні қабылдап, арнайы ем тағайындады. Енді мұндай шара жыл сайын өткізіледі. Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында
Без рубрики

Антикор Қарасай ауданының әкіміне 172 500 теңге айыппұл салды

Бұл туралы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді. Аудан әкімі Жасұлан Естенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Кезекті мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер