Без рубрики

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде, екі апталық интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген. Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған. Содан кейін жалпы жағдайының нашарлауына байланысты орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Мультидисциплинарлық тексеруден кейін хирургиялық бөлімге шұғыл түрде жатқызылды.

Шағымдар, анамнез, объективті клиникалық-зертханалық деректер негізінде науқасқа «бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесі» диагнозы қойылып, операция алдындағы дайындығы басталды.

«Науқастың жағдайын ескере отырып, Талғар хирургтары УЗД көмегімен бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесіне дренаж жасау үшін аз инвазивті процедураны жүргізу туралы шешім қабылдады. Наркоз салынып, УЗД бақылауымен абсцесс қуысына өткізгіш арқылы Pigtail 10fr типі бойынша дренаж орнатылды. Дренажды орнатқаннан кейін өткір иісі бар 200 мл ірің алынды. Операция қан жоғалтусыз және асқынусыз өтті. Бірнеше күннен кейін бауырдың ультрадыбыстық зерттеуінде абсцесс қуысы тазаланғаны анықталды және дренаж алынып тасталды. Одан кейін үйіне жіберілді», — деді хирург Қуандық Тастанқұлов.

Операциядан кейінгі кезеңде науқас хирургиялық бөлімде антибиотикалық және инфузиялық терапиядан өтті. Айта кетерлігі, бүгінде аз инвазивті хирургия, яғни науқастың денесі кесілмей жасалатын ота туралы жиі айтылып жүр. Мұндай операциялар қан тамырлары немесе өзге де әдістер арқылы жасалады. Пациенттің денсаулығына кері әсерін тигізбейді және операциядан кейінгі асқынулар қаупінің төмен болуымен сипатталады.

 

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Алматы облысындағы сотталушылар дәрігерлер тексерісінен өтті

Медициналық қызмет - жалпыға бірдей қолжетімді. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары 150-ге жуық жазасын өтеушіні қабылдап, арнайы ем тағайындады. Енді мұндай шара жыл сайын өткізіледі. Қонаев қаласына қарасты Заречный ауылында
Без рубрики

Биыл Қонаев қаласында «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 30-ға тарта отбасы сәбилі болды

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген “Аңсаған сәби” квотасы толығымен игерілді. Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Бүгінде елімізде
Без рубрики

Дәрігерлер пышақ жарақатынан 1,5 литр қан жоғалтқан жасты құтқарды

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ЖМК бригадасы белгісіз біреулердің қолынан пышақ жарақатын алған жас ер адамды жеткізді. Ол шұғыл түрде хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа іш қуысының жарақаты және сол
Без рубрики

Қатерлі ісікке шалдыққан әйел 4 келі болатын сау баланы дүниеге әкелді

Талғар аудандық орталық ауруханасының әйелдер консультациясына жүктіліктің 14-ші аптасында сүт безінің карциномасы түріндегі ауыр анамнезі бар, орташа ауырлықтағы анемиясы бар әйел жүгінген. Келіншек – 30 жаста. 3 топтағы мүгедек жанға