Қоғам

Ұзынағашта 200-ге жуық оқушыға мектепке қажетті жабдықтар берілді

Игі іс аудандық мәслихат депутатының қолдауымен жүзеге асты

Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылдық округінде жаңа оқу жылы қарсаңында «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке дайындайық» акциясы өтті.

Шара барысында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 200-ге жуық баласына мектеп сөмкесі мен оқу-құралдары табысталды.

Аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Айдын Жүнісов өз сөзінде бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың жаңа оқу жылын толық дайындықпен бастауына жағдай жасау екенін атап өтті.

«Жаңа оқу жылы жақындап қалды. Әр бала мектепке барғанда өзіне сенімді, көңілді болғанын қалаймыз. Сол үшін оқуға қажет сөмке, дәптер, қалам сияқты керек-жарақтарды дайындап бердік. Бұл – ата-аналарға да, балаларға да аз да болса көмек. Ең бастысы – олардың жүзіндегі қуанышты көру», – деді депутат.

Табысталған жинақтарда дәптер, қалам, сызғыш, түрлі-түсті бояулар және басқа да оқу құралдары қамтылды.

Акция алдағы уақытта да ауданның өзге ауылдық округтерінде жалғасын таппақ.