Қоғам

Таза бейсенбі: Алматы облысында 2 гектардан астам өзен аумағы қоқыстан тазартылды

«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы аясында 1,5 тонна қоқыс арнайы полигонға жөнелтілді

Экоакция партия мүшелері, ауыл әкімдігінің қызметкерлері, жастар мен белсенді азаматтардың қатысуымен өтті. Тазалық жұмыстарына 30-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Mandat.kz.

«Таза бейсенбі» сияқты бастамалар – тек тазарту жұмыстары емес, бұл – табиғатты аялауға деген азаматтық көзқарас. Біз мұндай шаралар арқылы жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, ауыл тұрғындарын табиғатты қорғауға бірлесіп үлес қосуға шақырамыз», – деді «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов.

Фото: AMANAT

Сондай-ақ экологиялық акцияға еріктілер де табиғатты тазартуға белсене атсалысты. Олар 2 гектар аумақты қоқыстан тазартып, 1,5 тонна тұрмыстық қалдықты полигонға жөнелтті.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы апта сайын өтеді.