Жаңалық

Қонаевта 25 қыркүйектен бастап ыстық су беріле бастайды

Көпқабатты үйлер кезең-кезеңімен қосылады

Қонаев қаласында 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап ыстық су беру қайта іске қосылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жылу орталығы» МКК мәліметінше, КСК қарамағындағы көпқабатты үйлерге ыстық су кезең-кезеңімен беріледі. Жеке үйлерді қосу үшін тұрғындар 5-01-28 нөмірі арқылы қызмет көрсету бөліміне өтініш беруі тиіс.

Әкімдік тұрғындардан су жүйесінде араласу болмас үшін қазандықтар мен крандардың дұрыс жабылғанын тексеруді сұрайды.