Жаңалық

Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр

Президент ауылды дамыту бойынша жаңа міндеттерді жариялайды

Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің диалог-платформасы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі негізгі міндеттерді айқындайды. Сонымен бірге Президент елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерге тоқталады.

Қазіргі уақытта еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланған.