Жаңалық

Алматы облысында тұрғындарға есірткіні анықтайтын экспресс-тест көрсетілді

Әлеуметтік эксперимент барысында тесттің жұмыс істеу тәсілі түсіндіріліп, жастарға нашақорлықтың зияны туралы ақпарат берілді

Алматы облысында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тұрғындар арасында әлеуметтік эксперимент өткізді. Іс-шараға облыстық кеңес мүшесі Бекжан Батырбекұлы және нарколог Айша Аманбайқызы қатысты.

Эксперимент барысында қатысушыларға есірткі және психотроптық заттарды анықтайтын экспресс-тесттің қалай жұмыс істейтіні көрсетіліп, оның маңызы түсіндірілді.

«Басты мақсат – жастарға нашақорлықтың қауіптілігін түсіндіру және алдын алу мәдениетін қалыптастыру. Мұндай шаралар қоғамда есірткіге мүлде төзбеушілікті қалыптастыруға көмектеседі», – деді ұйымдастырушылар.

Полиция департаменті мұндай жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратынын хабарлады.