Қоғам

«Кітап-AMANAT»: Отандық әдебиетті ілгерілетуге бағытталған жоба Жетісу өңірінде жалғасын тапты

Осыған дейін Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл, Павлодар облыстарында басталған жоба бүгін Жер жаннаты – Жетісуда жалғасын тапты.

«AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалында өткен іс-шараға партия Хатшысы Шолпан Каринова, «Қазақстан Республикасы баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығы президентінің орынбасары Алмас Ахметбекұлы және ақын-жазушылар, баспагерлер мен партия ардагерлері қатысты.

Іс-шараны ашқан партия Хатшысы Шолпан Каринова жобаның ерекшелігі мен мақсатына тоқталды.

«Бүгін – кітапсүйер қауым үшін өте қуанышты күн. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыты екенін атап өткен болатын. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Президенттің бастамасын қолдап, өңірлерде кітап орталықтарын ашу жұмысын бастап кетті. Бұл жұмысқа еліміздегі баспагерлер де атсалысуда. Сөрелерді толтырғанда халық қандай кітап оқығысы келеді, балаларға қандай кітап қызықты деген сияқты сұранысты да ескеруіміз керек. «Кітап-AMANAT» партиялық жобасының мән-маңызы жоғары. Оқырманға сүйікті кітаптарын жеткізу, жалпы әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, отандық авторларды қолдау мақсатында жүзеге асырылып отырған жобаның өміршең болуы әрқайсымыздың қолымызда. Шерхан Мұртаза «Мәдениеттің мәйегі – кітап» деген. Сондықтан мәдениетіміз, біліміміз жоғары болса еліміз өркендеп, әлеуеті де арта түсері анық», — деді партия Хатшысы.

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын жобаны партияның ұлттық руханиятты дамытуға, кітапты насихаттауға қосқан үлесі деп атады.

«Кітап-AMANAT» тек кітап сататын орын болып қалмай, нағыз рухани орталыққа айналуы тиіс. Партия филиалында ашылған кітап дүкенінің сөрелеріне бірінші кезекте жергілікті ақын-жазушылар мен авторлардың кітаптары қойылады. Мұнда зиялы қауымның, баспагерлердің қатысуымен жаңа кітаптардың тұсаукесері және әдеби кештер ұйымдастырылады. Осы жоба аясында отандық әдебиетімізді ілгерілету мақсатында жас авторларға да қолдау көрсетіледі деп сенемін», — деді ол.

Өз кезегінде, «Қазақстан Республикасы баспагерлер полиграфистер және кітап таратушылар» қауымдастығы президентінің орынбасары Алмас Ахметбекұлы жобаны қолдап жатқан Жетісу жұртшылығына алғысын білдірді.

«Финляндиялықтар «Ең мықты халық – кітабы көп халық, ең қауіпсіз мемлекет – кітабы көп мемлекет» дейді. Еліміздегі ең үлкен саяси күш – «AMANAT» партиясы осындай жобаны бастап, 20 өңірде кітап орталығын ашып жатқаны мені қатты қуантты. Бұл – «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» сияқты маңызды жоба. Халықтың рухани қорегі – кітап. «Кітап-AMANAT» жобасы қазақтың ұлттық рухани контентін көтеретіне де сенемін. Себебі жобаның басты мақсаты – әр қазақтың қолына кітап ұстату», – деді Алмас Ахметбекұлы.

«AMANAT» партиясының бұл бастамасын тілі жанашырлары да қуана қабылдап, қолдап отыр. «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ Жетісу облыстық филиалының төрағасы Әміре Әрін «Кітап-AMANAT» жобасын жастарды кітап оқуға баулу, сол арқылы олардың рухани, тіл байлығын дамыту үшін үлкен мүмкіндік деп бағалады.

«Тіл жанашырлары, кітапсүйер қауым мен баспагерлер үшін бүгін – мереке. Осындай игілікті бастаманы қолға алып, ұлттық құндылығымызға баса мән беріп отырған партиялықтарға алғысымды білдіремін. Орталық жетісулық қаламгерлердің басын қосатын, кітапқұмар жастардың іздегенін табатын сүйікті орнына айналады деп ойлаймын», — деді Ә.Әрін.

Сонымен қатар, жиынға қатысқан Нүсіпбай Әбдірахым, Атсалим Идигов, Гүлбақыт Қасенова, Құрметбек Сансызбай, Жұматай Әміреев сынды белгілі отандық авторлар мен баспагерлер партияның осынау тың бастамасын қолдап, сөз сөйледі.

Сондай-ақ, «Кітап-AMANAT» орталығы партияның өңірдегі екі аудандық филиалында да ашылады. Панфилов және Алакөл аудандарының жұртшылығы да таяуда осы жобаның игілігін көретінін айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, жобаның тұсаукесері партияның Алматы қалалық филиалында өтіп, оған Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов арнайы қатысқан болатын.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Қарасай ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Қарасай аудандық «AMANAT» партиясында «Құқықтық көмек» жобасы аясында жекеше нотариус, заңгер, адвокат, жеке сот орындаушысы және медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізді. Өткен қабылдауға Қаскелең қаласы, Шамалған, Кемертоған ауылдарының тұрғындары қатысты. Аудан
Қоғам

Аманаттықтар вандализммен күресуді жалғастырып жатыр

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастыруда. Кеше осы тақырып аясында дөңгелек үстел өтіп, оған белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс
Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді. Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық
Қоғам

Алматы облысының өнерпаздары еліміздің ірі қалаларын аралады

Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алатау әуендері» ұйымы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында концерт қойды. Әртістердің өнерін 3 шаһардың 2 мыңға жуық тұрғыны тамашалады. «Ән бесігі –