Новости

Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасуда

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды.

Жалпы облыс бойынша 30 астам ескерткішке тазарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, оған 5000 астам адам қатысты. Оның ішінде, Орталық, Жеңіс және Ардагерлер саябағында өткен тазалық жұмыстарына Ауған соғысы, Чернобыль және еңбек ардагерлері мұрындық болды. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінде жас табиғат сақшыларының қатысуымен музей аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, соңы жас ұрпақты тарихи мұралармен таныстыруға арналған экскурсиямен жалғасын тапты.

Облыс аумағында жалпы 1155 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Осы аптада 70 тазалық шарасы жоспарланған: облыстың әдеби ұйым мүшелерінің қатысуымен облыс аумағындағы ақын-жазушылардың ескерткіштеріне, мектептің кадет сыныптарының оқушылары «Даңқ» аллеясы, «ҰОС ардагерлеріне» арналған ескерткіштерге тазалық шарасын жүргізеді. Одан бөлек, облыс орталығында биыл отбасын құратын 30 жұп көшет отырғызып, «Жас отбасылар» аллеясы ашылады. Талдықорған қаласының, Қызылтас саяжайы маңында «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық экофестивалі өтеді. Экофестиваль аясында аумаққа тазарту жұмыстары жүргізіліп, жас ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Аталмыш тазалық шаралары облыстың әр аудан, қаласында  жалғасын таппақ.

 

 

 

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640
Новости

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында МӘМС шеңберінде 12 мыңнан астам науқас емделді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Оны енгізудің арқасында бүкіл Қазақстан халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды. МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттары мынадай тезистерді қамтиды:
Новости

Токаев освободил от должности заместителя главы МВД

Токаев освободил от должности заместителя главы МВД, передает Tengrinews.kz со ссылкой на сообщение пресс-службы Акорды. Распоряжением Главы государства Рысбаев Айдос Какашаулы освобожден от должности заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан. Он занимал
Новости

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мақсат жұмыс іздегендерге жол сілтеу. Жұмыссыздар мен жұмыс беруші арасында байланыс орнату. «Qonaev city» орталығыда өткен шараны мансап орталығы ұйымдастырды. Бос жұмыс орындары