Новости

Дәрігерлер тілме ауруына шалдыққан науқасты құтқарды

Алматы облысында тілме ауруына шалдыққан азамат МӘМС есебінен қажетті медициналық көмек алды. Бұл дерт – терінің жедел қабынуы. Аурудың қоздырғышы – стрептококк бактериялары. Ауру жедел басталады. Науқас қалтырап, дірілдеп, дене қызуы 39 – 40С-қа көтеріліп, сандырақтай бастайды. Басы ауырып, құсады. Жарақаттанған тері қатты қызарып, ісінеді. Терінің сау жері мен ауырған жерінің шекарасы анық көрінеді. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына 64 жастағы тұрғын осындай белгілермен түскен.

«Мен ауруханада 10 күннен аса жаттым. Ешқандай дәрі-дәрмек сатып алмадым. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға келетін болсақ, шынымен де өте тиімді. Себебі мен зейнеткермін. Алда тамыр хирургіне барамын. Портал арқылы ота жасатамын», — дейді науқас.

Бұған дейін науқаста варикоз ауруы болған. Бұл аяқтағы вена қан тамырларының кеңейіп түйінделуі. Кейіннен ол тілме ауруына ұласқан.

«Мұндай аурулар инфекциялық бөлімде МӘМС шеңберінде тегін емделеді. Жалпы, тілме асқынғанда өзге түрлі қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін. Аурудың белгісі білінісімен дәрігерге қаралу керек. Емді дәрігер белгілейді. Үйде қызарған теріге әр түрлі майлар, йод жағуға, ыстық басуға болмайды. Тілме дұрыс емделмеген жағдайда қайталана береді. Аурудың алдын алу үшін жеке бастың гигиенасын сақтау қажет. Тілмені жұқтырып алмас үшін, оны ұстап көргеннен кейін қолды сабындап жуып, спиртпен сүрту керек», — дейді Жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігері дәрігер Нахилям Аскарова.

Науқас ауруханада 2 апта емделгеннен кейін үйіне қайтарылған. Бүгінде жағдайы жақсы. Жалпы, Қонаев қалалық көпсалалы аурухасында тілме сияқты қауіпті ауруларды емдеуге барлық жағдай жасалған. Қазірде жұқпалы аурулар бөлімінде ересектермен қатар балалар да түрлі аурумен ем қабылдауда.

Related Posts

Новости

МӘМС: Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық
Новости

ТМККК пакетіне не кіреді?

Елімізде медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан медициналық көмекті тегін алуға бола ма? Бұл туралы МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде алуға болатын қызмет
Новости

Қонаевтық дәрігерлер ер адамның аяғын кесуден сақтап қалды

Қонаев көпсалалы ауруханасына 1974 жылғы науқас оң жақ аяғының қатты ауырып, ісінуіне шағымдануымен келіп түскен. 50 жастағы азамат өздігінен жүре алмай қалған. Ауруханада барлық ем ТМККК шеңберінде тегін тағайындалған. Дәрігерлер
Новости

Шетелде емделуге кім құқылы?

МӘМС шеңберінде науқастар шетелге емделуге жіберіледі немесе Қазақстан ауруханаларға операциялар жүргізу үшін шетелдік мамандарды шақырады. Шетелде емделуге балалар да ересектер де құқылы. Ондай мүмкіндік елімізде жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық көмекке