Новости

Дәрігерлер денесінің 85%-ын термиялық күйік шалған баланы аман алып қалды

Өткен жылдың желтоқсан айында Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінде жылу жүйесінің жарылуы салдарынан 2017 және 2021 жылы туған екі бала термиялық күйік пен жарақат алып, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда түскен болатын. Дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен медициналық көмегінің арқасында екі бала да аман қалды. Оларға медициналық авиация желісі бойынша көмек көрсетілді және балалар реанимация бөлімшесі жағдайында қарқынды медициналық көмек пен ем алды.

-Дененің 85% термиялық күйік алған бала реанимация бөлімінде бақылауда бір ай болды. Оларға жоғарғы технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Бүгін бала үйге аман-есен шығарылды. Оның інісі реанимация бөліміне бет, мойын, кеуде қуысының алдыңғы жағы, екі жоғарғы аяқ-қол аймағында, дененің алдыңғы қабырғасында, төменгі екі аяқтағы күйікпен түскен болатын. Сәтті емдеуден кейін 12 қаңтарда ауруханадан шығарылды, — деді балалар хирургі Даурен Тасболатов.

Даурен Азизбекұлының айтуынша, дененің 40 пайыздан астамы күйік алған жағдайларда өте ауыр жарақат болып табылады. Бұл жағдайда балаларда дененің зақымдануының 80% — дан астамы болады. Талдықорған қаласының реаниматолог, травматолог және хирург дәрігерлердің кәсіби және жанқиярлық әрекеттерінің арқасында ғана балаларда аса ауыр асқынуларды болдырмай, зақымдалған аяқ-қолдардың функцияларын толығымен қалпына келтіре отырып құтқарды. Бүгінде кішкентай пациенттердің өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Айта кетерлігі, елімізде балаларға медициналық көмек МӘМС шеңберінде тегін көрсетіледі.

Related Posts

Новости

Вице-министр Әлібек Жамауов Алматы облысының тұрғындарымен кездесті

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапарымен Алматы облысында болып, Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті. Вице-министр жылу-энергетика комплексінің ағымдағы жағдайы туралы айтып берді. Қала тұрғындары жылумен қамту, газбен қамту және ЖЭО-дағы жөндеу
Новости

Алматы облысының орталығында жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

Алматы облысы әкімдігі және Аспан ФМ жаңа форматтағы «ASPAN FEST» - ашық аспан астындағы ғаламат фестивалін ұсынады. Жаз бойы, апта сайын, Қонаев қаласының орталық алаңында еліміздің ең танымал эстрада жұлдыздары
Новости

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы
Новости

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халық үшін тиімділігі зор

-Талғар ауданы ірі мегаполис Алматы қаласына жақын орналасқан. Халық саны да күн санап артып келетіні жасырын емес. Мұндағы аудандық аурухана тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге қаншалықты дайын? Бұл туралы бүгін