Без рубрики

Алматы облысында дәрігерлер арасында шеберлік сабағы өтті

Шеберлік сабағы аритмолог-дәрігер Қанат Ергешев, бағдарламашы-менеджер Нұрдәулет Сүлейменнің жетекшілігімен Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасының эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Орынбасар Тайманұлының қатысуымен өткізілді. Аясында ауыр созылмалы жүрек жетіспеушілігіне шалдыққан екі науқасқа CRT-D және ICD импланттау жүргізілді. Ота сәтті өтіп, қазірде науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Қазірде қос тұрғын үйлеріне шығарылуға дайындалып жатыр.

«Қазіргі таңда созылмалы жүрек жетіспеушілігі кардиологияның маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Жыл сайын сырқаттанушылық 100 000 халыққа шаққанда 5-8 жаңа жағдай. Әлем бойынша жыл сайынғы өлім көрсеткіші 7-14%. Науқастарды емдеудің негізгі қағидасы – өмірді ұзарту және оның сапасын арттыру. Бірақ, өкінішке орай, барлық дәрі-дәрмектерді қабылдаған кезде де, пациенттердің жағдайын жақсарту әрдайым мүмкін емес . Бивентрикулярлы кардиостимулятор деп аталатын бұл құрылғы микросхемалар мен батареядан тұрады», — деді  аритмолог-дәрігер Қанат Ергешев.

Статистикаға сүйенсек, жылына АҚШ-та 400 000, Ресейде 52 000-ға жуық, Қазақстанда 5 600 импланттау жүргізіледі. ТМД көрсеткішіне сүйенсек, дилатациялық кардиомиопатия имплантациясы жылына 100 000 халыққа шаққанда 28-30 адамда кездеседі. Ал АҚШ-та 130 факті тіркеледі.

Айта кетерлігі, бұрын соңды хирургиялық жолмен емдеудің бұл түрін алу үшін науқастар республикалық емханалардың немесе ірі медициналық мекемелердің мамандарына жүгініп, отаны ұзақ күтетін.

Қарасай ауданында CRT-D және ICD импланттау технологиясы енгізілуімен тұрғындар міндетті медициналық сақтандыру аясында уақтылы, сапалы медициналық қызмет ала алады.

 

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Медицина саласындағы палуан

Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы - зертханашы. Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты
Без рубрики

Алматы облысында бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табысталды

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, Алматы облысындағы бірқатар азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі және «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Жалпы 20-дан астам адам партиялық төсбелгілер мен арнайы грамотаға ие болды.
Без рубрики

Ақша үнемдей отырып 2024 жылға қалай сақтандырылуға болады?

2023 жыл да аяқталуға жақын. МӘМС жүйесінде сақтандырылып үлгермеген азаматтар бұл мүмкіндікті қалт жіберіп алмау керек. Олар желтоқсан айының соңына дейін жарна төлесе, жаңа жылмен салыстырғанда 9 000 теңге кем төлейді.
Без рубрики

МӘМС төлемі 2️024 жылы қандай мөлшерде болады?

МӘМС төлемдері төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады. Жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды, бұл 10 ЕТЖ-нің 3% -