Новости

Былтыр қонаевтық дәрігерлер инсультпен түскен 131 науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілгендердің қатарында 52 жастағы облыс тұрғыны Сәуле Ж. бар. Мамандар науқасқа МӘМС шеңберінде шұғыл ем — тромболитикалық терапияны тегін жүргізген. Бұл ишемиялық инсульт үшін жоғары тиімділігі бар көмек, өйткені зақымдалған тамырдағы қан ағымын қалпына келтіруге және ми тінінде қайтымсыз өзгерістерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелі невропатолог-дәрігер Гүлнәр Бөпешбаеваның айтуынша, инсульт науқастарды жиі ауыр зардаптарға әкеледі. Оның өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатады және мамандандырылған емдеуді, соның ішінде ұзақ және күрделі нейрореабилитацияны қажет етеді. Дәрігер жуырда Санкт-Петербург қаласында арнайы оқуды аяқтап, неврологиялық аурулары бар науқастарды емдеуде алған білімін дәрігерлік тәжірибесінде сәтті қолдануда.

Мидағы тамырдың тромб немесе эмболиямен тез бітелуі нәтижесіндегі жедел ишемиялық инсульт ауыр зардаптармен ми тінінің некрозына әкеледі. Адекватты шұғыл тромболитикалық терапияны қолдану арқылы оны болдырмауға болады. Дәрігерлер кейіпкеріміздің өмірін сақтап қалу үшін дәл осындай терапия түрін қолданған.

Айтылған ем — қан ұйуын тез ерітетін, қанның, басқаша айтқанда, ми аймағына оттегінің жетуін қамтамасыз ететін дәрілерді көктамырға енгізу. Гүлнар Нұрлыбекқызының сөзіне сүйенсек, тромболитикалық терапия тек ишемиялық инсульт кезінде қолданылады. Ол «терапиялық терезе» деп аталатын ауру басталғаннан кейін, алғашқы 3 — 4,5 сағатта, тамырдың бітелуіне байланысты ми әлі қайтымсыз өзгерістерге ұшырамай тұрып жүргізілетін ем-дом.

«Егер науқасқа уақтылы және хаттамаға сәйкес тромболитикалық терапия жүргізілсе, оның әсері әдетте таңқаларлық болып көрінуі мүмкін, өйткені бірнеше сағат ішінде адамда инсульттің барлық көріністері жоғалып кетеді. Кейін дәрігерлер де, рентгенологтар да оларды байқамайды. Дәрі-дәрмектің бұл әсері, уақытты ауру пайда болғанға дейінгі сәтке қайтаратын сияқты көрініс», — дейді дәрігер.

Дәрігерлердің айтуынша, инсульттің пайда болуы қаупін айтарлықтай төмендету үшін қан қысымын күнделікті бақылау жеткілікті, ал созылмалы аурулар болса, анда-санда емес, үнемі дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдауды ұмытпау қажет. Ал, егер, инсульттың белгілері пайда болса, мүмкіндігінше,тезірек медициналық көмекке жүгіну қажет. Жалпы, былтыр Қонаевтық дәрігерлер осындай диагнозбен 131 науқастың өмірін арашалап қалған. Олардың барлығына медициналық көмек МӘМС аясында тегін жүргізілді.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысының 3 ауданында магнитті-резонансты томография кабинеті ашылды

Алматы облысының Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы мен Қонаев қалалық ауруханасында магнитті-резонансты томография қолданысқа берілді. Қуаты 1,5 Тесла болатын "GE Signa Voyager" магнитті-резонанстық томографының сараптамалық жабдығы облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау
Берік Уали
Новости

Берик Уали рассказал, подаст ли Казахстан заявку на вступление в БРИКС

Советник – пресс-секретарь президента Казахстана Берик Уали рассказал о том, что в адрес Касым-Жомарта Токаева поступали предложения о вступлении страны в БРИКС. И глава государства внимательно рассматривает эти предложения с
Новости

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Дәрігер - хирург Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Сакенов Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция