Қоғам

Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек – Максим Рожин

Халық қалаулысы әскерилендірілген объектінің жұмысымен танысып, оның материалдық-техникалық базасын тексерді. Алайда әскери қызметшілердің еңбекақы мәселесі мәжілісменді таң қалдырды. Бүгінде бөлім құрамының айлығы шамамен 120 мың теңгені құрайды. Депутаттың айтуынша, бұл сомаға отбасын асырау мүмкін емес.

«Төтенше жағдайлар саласында басты мәселелердің бірі ол жауынгерлердің қауіпсіздігі. Олардың қолданатын мүлкі. Техникамен қамтамасыз ету мәселесін біз бүгін көрдік. Екінші мәселе – әрине, бұл азаматтардың айлығы. Бұлардың жұмысы өміріне қауіптілігімен белгілі. Сондықтан мен ойлаймын, біздің азаматтарға төлеп жатқан жалақымыз да сол қауіпке сай болу керек», дейді Максим Рожин.

Бұл мәселе қазір Парламент деңгейінде көтеріліп жатыр. Депутаттар оны «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына енгізуге ниетті. Онда әскери қызметшілерді әлеуметтік-техникалық қамтамасыз ету туралы сұрақтар да ескерілетін болады. Мақұлданған жағдайда заң жобасы жыл ортасына қарай жұмысын бастайды. Айта кету керек, парламентшілер жұмыс сапарымен еліміздің барлық бұрышындағы түрлі нысандарға барады.

«Кездесу барысында Максим Николаевич айтып кеткендей, жұмыстар атқарылып жатыр. Сол мәселе көтеріліп жатыр. Жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Кездесу барысында отырған әрбір әскери қызметші қуанады деп ойлаймын», дейді бөлім командирінің орынбасары Қанат Бақтияров.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Алматы облысы: Мәжілісмендер азаматтарды қабылдайды

Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай және Максим Рожин азаматтарды қабылдау үшін келді. Азаматтарды қабылдау уақыты мен орны туралы ақпарат прокуратура органдарының сайттарында және
Без рубрики

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын
Қоғам

Алматы облысында айрықша үлгідегі кітап орталығы ашылды

Оған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым, партияның облыстық филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев және зиялықауым өкілдері, қоғам белсенділері мен оқырмандар қатысты.  Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың
Қоғам

Министр Аида Балаева Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

Президенттік реформалар ұзақ мерзімді нәтиже беріп, Қазақстанның дамуы үшін берік іргетасқа айналуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Кездесуде Мемлекет басшысының