Бұл туралы Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді.
Аудан әкімі Жасұлан Естенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Кезекті мониторинг барысында әкімнің активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсынбаған үміткерді кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы лауазымына тағайындағаны анықталды», – деп жазды Антикор.
ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабына сәйкес, әкімге 50 АЕК (172 500 тг) көлемінде айыппұл салынды.