Новости

Алматы облысының өнерпаздары Беларусь елінен жүлдемен оралды

7-9 маусым аралығында Витебск облысы, Поставы қаласында «Звіняць цымбалы і гармонік» халықаралық фестивалі өтті.
Аталмыш шараға Қазақстан, Грузия, Россия, Литва, Беларусь мемлекеттерінің өнерпаздары қатысты. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы қазақ елінің абыройын арқалап, жүлделі болып қайтты.

Бірнеше күнге жалғасқан фестивальде «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамбльі, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамбльі, домбырашылар мен жеке дауыстағы әншілер көрермен көзайымына айналып, ұлт мәдениетін ұлықтады. Өнерпаздар түрлі номинация бойынша 4 жүлделі орын алды.

«Фестиваль аясында алғашқы күні жеке концерт қойдық. Одан кейін конкурсқа қатыстық. Бұл байқауға бір ай дайындалдық. Көпшілік өнерімізді жоғары бағалап, трио номинациясы бойынша жүлделі 1-орын иелендік. Өте қуаныштымыз, ұйымдастырушыларға ұжымның атынан алғыс айтамыз», — деді «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концертмейстері Бейбіт Темірхан.

Айта кетейік, аталмыш шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Биыл фестивальде 120-ға жуық әртіс өнер көрсетті.

Shares:

Related Posts

Новости

Әкім сайлауы: Надыров Адылжан Алимовичтың сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Ташкенсаз ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Надыров Адылжан Алимович 1977 жылдың 30 тамызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келдім. 1984-1994 жылдар арасында Х.Абдуллин атындағы орта мектебін бітіріп, 2002-2006
Новости

Алматы облыстық мәслихат депутаты МӘМС жүйесі туралы пікір білдірді

Алматы облыстық мәслихат депутаты Гүлнара Кураметова Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тімділігі, оның мүмкіндіктері жайлы пікір білдіріп, бүгіндегі облыстағы медицинаның сапасына тоқталды. "Медицинаның сапасына қатысы сын қызу талқыланып жатыр. Мен де
Новости

Кептеліс мәселесі: Алматы облысының әкімі тұрғындардың сауалына жауап берді

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «AMANAT» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау кестесіне сәйкес кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Олар қозғаған мәселелердің қатарында электр қуаттылығының тапшылығы, кептеліс, балық шаруашылығы және жолөткел салу