Новости

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640 адам маммографиядан, 801 адам компьютерлік томографиялық тексеруден және 864 адам ультра дыбыстық зерттеуден өткен.

«Қазақстан халқына» қоры «QH Денсаулық жолы» жобасыны аясында табысталған 2 көліктен тұратын жылжымалы медициналық кешен томосинтез функциясы бар сандық маммографиялық жабдықпен, сарапшылық деңгейдегі ультрадыбыстық жүйемен және жоғары дәлдікпен зерттейтін компьютерлік томографпен жабдықталған.

Аталған клиника директоры Олжаев Саяхат Таурбекұлының айтуынша, аудан орталығынан шалғай орналасқан ауыл тұрғындарын кешен мамандары кезекпен медициналық тексеруден өткізіп тұрады.

-Кешен іске қосылғаннан бастап, барлық аудандарды аралап шықтық. Ауруды алғашқы сатысында анықтау арқылы оны толық емдеуге мүмкіндік болады. Қазіргі уақытта кешен Іле ауданы Екпінді ауылының тұрғындарын тексеруден өткізіп жатыр, — деді Саяхат Таурбекұлы.

Жылжымалы кешен 25 және 26 қаңтар күндері Іле ауданы Ақши аулының тұрғындарын тексеруден өткізетін болады.

Shares:

Related Posts

Новости

МӘМС аясында «DN Medicus Pharm» орталығында 65 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Біз Жамбыл ауданының ересектері мен балаларына алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық — диагностикалық көмек көрсетеміз. Емхана "Қайырымды қызмет көрсету емханасы" ұранымен жұмыс істейді және оның миссиясы "қазіргі заманғы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және медициналық-әлеуметтік
Новости

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және
Новости

Қонаев қаласының дәрігерлері өлім аузында жатқан кейуананы аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында 75 жастағы кейуанаға күрделі ота жасалды. Ол Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына аса ауыр хәлде түскен. Ол үйінде бірнеше күн жатып қалған. Медициналық қызметкерлерге жүгінбеген. Аурухана қабырғасына
Новости

Алматы облысында тірек-қимыл жүйесін емдеудің заманауи тәсілдері енгізілді

Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде жаңа әдістердің маңызы зор. Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында тұрғындарды мұндай диагнозбен емдеу ісіне жаңашылдық енгізілді. Енді мекемеде халықаралық стандарттарға