Новости

Алматы облысында тірек-қимыл жүйесін емдеудің заманауи тәсілдері енгізілді

Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде жаңа әдістердің маңызы зор. Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында тұрғындарды мұндай диагнозбен емдеу ісіне жаңашылдық енгізілді. Енді мекемеде халықаралық стандарттарға сай заманауи тәсілдер қолданылып, медициналық қызмет көрсетудің сапасы артып отыр. Осы тұрғыда аймақта алғаш рет иық буынын эндпротездеу отасы жасалды. Бұл ем өңір тұрғындары үшін МӘМС жүйесі арқылы қолжетімді болып отыр. Тың әдіс тұңғыш рет еңбекшіқазақтық тұрғынға қолданылды. Саймасай ауылының азаматы 1,5 жыл бұрын сатыдан құлап, иығын ауыр жарақаттап алған. Оқыс жағдайдан кейін қолын қозғалту қиындап, буын артрозына шалдығыпты. Талай уақыт бойы дерті жанына батқан науқас 2022 жылдың желтоқсан айында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығының дәрігерлеріне жүгініп, қажетті көмек алыпты.

«Тексеруден өткізгеннен кейін науқасқа оң жақ иық буынының 4 дәрежелі деформациялық артрозы деген диагноз қойылды. Оның сақтандыру мәртебесі болғаннан кейін жергілікті жеріндегі емханадан бізге жолдамамен келді. Сондықтан біз оған МӘМС шеңберінде оң жақ иық буынының реверсті эндопротездеу отасын тегін жасадық. Мұндай операция бұрын соңды тек Астана, Алматы қалаларында жасалса, қазірде бұл жоғары технологиялық әдіс Алматы облысының тұрғындарына да қолданылып жатыр. Бүгінде тек біздің аймақтан ғана емес, өзге өңір адамдары да келіп, ем қабылдауда», — деді Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталғының бас директоры Ерсін Жүнісов.

Қазіргі таңда науқастың отадан кейінгі жағдайы қалыпты. Жоспарға сәйкес, оңалту шараларынан өтіп жатыр. Жалпы, иық буынының эндпротездеу отасы Қазақстанда сирек жүргізілсе, Алматы облысында алғаш рет жасалып отыр.

Shares:

Related Posts

Новости

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС
Новости

Алматы облысының орталығында жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

Алматы облысы әкімдігі және Аспан ФМ жаңа форматтағы «ASPAN FEST» - ашық аспан астындағы ғаламат фестивалін ұсынады. Жаз бойы, апта сайын, Қонаев қаласының орталық алаңында еліміздің ең танымал эстрада жұлдыздары
Новости

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту тапсырмасы аясында Жас мемлекеттік  қызметшілер мектебі – талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға, олардың біліктілік
Новости

МӘМС: миына қан құйылған 61 жастағы ер адамға ота жасалды

61 жастағы ер адамға барлық медициналық көмек МӘМС есебінен жүргізілді. Науқасқа ота жасаған нейрохирург-дәрігері Гизатуллин Марат Римұлының айтуынша, қан кету мидың ісініп, бас миының өзегінің қысылуына әкелген. Әдетте бұндай жағдай