Новости

Әкім сайлауы: Надыров Адылжан Алимовичтың сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Ташкенсаз ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Надыров Адылжан Алимович 1977 жылдың 30 тамызында Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында дүниеге келдім. 1984-1994 жылдар арасында Х.Абдуллин атындағы орта мектебін бітіріп, 2002-2006 жылдар аралығында Алматы қаласындағы ҚР ҰҚК әскери институтын бітірдім. 2015-2018 жылдар аралыңында РФ Омбы қаласының Педогогикалық Университетінің магистратурасын бітірдім.

Еңбек жолын 1995-2021 жылдар аралығында әр түрлі  әскери қызмет лауазымдарын атқардым. 2022 жылдан осы уақытқа дейін Ташкенсаз ауылының Х.Абдуллин атындағы орта мектебінде құқық тәрбие менеджері қызметін атқарып келемін.  Алдағы уақытта  ауыл тұрғындарымен  бірлесе отырып ауылдың бүгінгі  күн тәртібіндегі  мәселелерін шешуге барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс жасаймын. Мен болашақта ауылымыздың көркеюіне және халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін ат салысамын. Маған дауыс беріңіз, мен сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімді саламын!

 Мені ауылдық округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

  • Округтегі білім саласы мен денсаулық сақтау саласындағы қордаланған мәселелерді шешіп, балалардың сапалы білім алуына, азаматтардың сапалы медицинаға қол жеткізуіне;
  • Округ тұрғындарының әл-ауқатын арттырып, халықтың тұрмысын жақсартуға;
  • Игерілмей бос жатқан ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді игеруге, ауыл шаруашылығын дамытуға;
  • Ташкенсаз ауылдық округі тұрғындарының сапалы ауызсумен қамтылуына;
  • Тозығы жеткен жолдарды жөндеуге, жарық шамдарын орнатуға;
  • Электр желілері мен бағаналарын ауыстыруға;
  • Округті көркейтуге, абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;
  • Баяндай ауылына мектеп және дәрігерлік амбулатория ғимараттарын салуға;
  • Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;
  • Округтегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен тағыз қарым-қатынас орнатып, бизнес саласын дамытуға, кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін көмекке кедергісіз қол жеткізуіне, мемлекеттік гранттарға қатысуына, субсидия алуына;
  • Округтегі ұлтаралық татулықтың нығаюына;
  • Ташкенсаз ауылдық округі тұрғындары арасында жемқорлыққа қарсы мәденитті қалыптастыруға;
  • Жергілікті тұрғындардың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға;
  • Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында округ аймағынан воркаут алаңдары мен спорт алаңдарын салуға, балаларға арналған ойын алаңдарының бой көтеруіне ықпал етемін.

Қымбатты ауыл тұрғындары!

Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сізбен бізге байланысты. Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын. Сіздің дауысыңыз – өз жақын-жұрағаттарыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты жəне бай қуатты өміріне қосқан үлесіңіз! Берекелі ауыл–табысты мемлекет!

Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!

Related Posts

Новости

Алматы облысында тірек-қимыл жүйесін емдеудің заманауи тәсілдері енгізілді

Тірек-қимыл жүйесінің ауруларын емдеуде жаңа әдістердің маңызы зор. Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылында Халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығында тұрғындарды мұндай диагнозбен емдеу ісіне жаңашылдық енгізілді. Енді мекемеде халықаралық стандарттарға
Новости

Алматы облысында аманаттық депутаттар халықты алаңдатқан мәселелерді көтерді

Алматы облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті жиналысы өтті. Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы мен алда тұрған міндеттер талқыланды. Алматы облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған
Новости

Жетісу облысына жұмысқа орналасқан 70 маманға жәрдемақы беріледі

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарға 2024 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жұмысқа орналасқан жас мамандарға облыс әкімдігі мен Денсаулық сақтау басқармасы арнайы комиссияның шешімімен жәрдемақы тағайындады. Шешім бойынша ауылға жұмысқа орналасқан