Саясат

Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Болат Күренбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымындағы қызметін тоқтатты

Бұл туралы Pro Кадры KZ Telegram-арнасы хабарлады.

1977 жылы туған. ҚР ҰҚК академиясын және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы – заңгер.

ҰҚК құрылымдарында Павлодар, Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Астана қалаларында жұмыс істеген. 2021 жылдан бері Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

2024 жылдың тамызында Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.