Экоакция партия мүшелері, ауыл әкімдігінің қызметкерлері, жастар мен белсенді азаматтардың қатысуымен өтті. Тазалық жұмыстарына 30-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Mandat.kz.
«Таза бейсенбі» сияқты бастамалар – тек тазарту жұмыстары емес, бұл – табиғатты аялауға деген азаматтық көзқарас. Біз мұндай шаралар арқылы жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, ауыл тұрғындарын табиғатты қорғауға бірлесіп үлес қосуға шақырамыз», – деді «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов.

Сондай-ақ экологиялық акцияға еріктілер де табиғатты тазартуға белсене атсалысты. Олар 2 гектар аумақты қоқыстан тазартып, 1,5 тонна тұрмыстық қалдықты полигонға жөнелтті.
Айта кету керек, «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы апта сайын өтеді.