Қоғам

Алматы облысында 200-ден астам банк қызметкеріне МӘМС мүмкіндіктері түсіндірілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мамандары екінші деңгейлі банктер қызметкерлеріне кеңес өткізді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы мамандары Қонаевта орналасқан бірнеше екінші деңгейлі банктерді аралап, олардың құқықтарын түсіндірді. Қатысушы қаржы саласының мамандары тарапынан пациенттердің емхана таңдау ережесі, шұғыл жағдайда көмек алу, «сақтандырылған» мәртебесі арқылы қандай медициналық көмек қолжетімді, жалған жазбалар кезіндегі әрекет сынды тақырыптарда бірқатар сұрақ болды. Білікті қор өкілдері тұшымды жауап беріп, қатысушыларға қажетті ақпарат ұсынды.

«Жалпы МӘМС жүйесінің негізгі принциптері: әлеуметтік бағыт – мемлекет 15 жеңілдетілген санаттағы 11 миллион азаматқа жарна төлейді, ортақ жауапкершілік – мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар халықтың денсаулығына жауапты, медициналық көмекке тең қолжетімділік – әрбір сақтандырылған азамат төленген жарналардың мөлшеріне қарамастан қажетті медициналық көмек көлемін алуға құқылы, ақша пациенттің соңынан жүреді – пациент, егер ол Қордың жеткізушісі болса, медициналық қызметтерді алу үшін өз қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдай алады, пациенттердің құқықтарын қорғау – Қор медициналық ұйымдарға медициналық қызметтер үшін төлемдерді көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады», — дейді баяндамасында облыстық филиалдың бөлім басшысы Әкімбек Саурықбаев.

Банк қызметкерлерімен өткен түсіндіру жұмыстарында 200-ден астам маман қамтылды. Олар өздерін толғандырған сұрақарына жауап алып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Айта кетерлігі, МӘМС жүйесіне мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде қажетіне қарай ем алады, тіпті қажет болған жағдайда құны қымбат жоғары технологиялық медициналық қызметтер де МӘМС жүйесінде тегін жасалады. Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде. Бұл бағыттағы жұмыстарды дамытып, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру шаралары жалғаса береді, — дейді шара ұйымдастырушылары.