Новости

Алматы облысының түкпір-түкпірінде «Дәрігер бұрышы» акциясы өтіп жатыр

Осы жолы игі бастама Қарасай өңірінде жалғасын тапты. «Дәрігер бұрышы» акциясы аясында қарасайлық тұрғындар тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Ерекше шара ауданның «Аport» атты ірі сауда кешенінде өтті. Дәрігерлер қант диабетін анықтау үшін қан алып, инсулиннің мөлшерін экспресс-талдаулар арқылы бірден көрсетіп берді.


«Аурудың алдын алған абзал. Біз бүгінгі акцияда қауіпті созылмалы аурулардың алдын алу үшін қажетті талдаулар жүргіздік. Қандағы қанттың көп мөлшерде болуы қосалқы ауруларды тудырады. Ауруханаға келмей-ақ бірер секундта қажетті нәтиже шығаратын мұндай шаралардың маңызы зор. Өйткені, кейбір дерттерді дер кезінде өздігінен анықтау мүмкін емес», — дейді Қарасай аудандық ауруханасының аға мейірбикесі Танерке Хайдарова.

Тұрғындар өзге де аурулар бойынша медициналық кеңес алды. Өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әсіресе, МӘМС есебінен дәрілік препараттарды алу, профилактикалық медициналық тексеруден өткізу мен қауіпті факторлар, ауруларды ерте сатысында анықтауға арналған скринингтың қандай жас топтарына жүргізілетінін білді. Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы туралы түсіндірілді. Мұнымен қоса, сақтандыру мәртебесі бар азаматтардың кеңейтілген медициналық көмекке қолжетімділігі жеткізілді.


«Бұл акцияға сауда орталығында жүрген кез келген адам қатысып, олардан қан, холестерин талдаулары алынды. Артериялық қысымдарын өлшедік. Кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықты денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға шақырып, уақытында дәрігерге қаралып тұруын айтып өттік. Қазірде емханаға тіркелу науқаны жүріп жатқандықтан, өздерінің тұрғылықты мекенжайында орналасқан емхана-амбулаторияға тіркелуге шақырдық», — дейді Қарасай аудандық ауруханасының МӘМС бойынша жауапты үйлестірушісі Гүлнара Жайсанбаева.

Жалпы, «Дәрігер бұрышы» акциясы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы мен Қарасай аудандық ауруханасымен бірлесе өткізілді. Қор өкілдері халыққа МӘМС жүйесінің тиімділігін, науқас құқығы, елімізде енгізілген диагностикалық жаңа емдеу тәсілдері туралы, халыққа беретін мүмкіндіктерін жеткізді. Азаматтарды сақтандыру мәртебесі туралы, дәрі-дәрмекпен қамтылу жайын да кеңінен түсіндірді.


«Бүгін акцияда қарасайлықтар белсенді болды. 200-ден астам тұрғынға кеңес берілді. Қандай жағдайда 1414 Бірыңғай байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына жүгіну керектігі, жарналарды төлеу, қате төлемдер кезіндегі әрекеттері айтылды. Жалпы, азаматтар «сақтандырылған» мәртебесін алғаннан кейін МӘМС пакетіндегі қажетті медициналық көмектің барлық түріне жүгіне алады. Тіптен, шетелде емделуге құқығы бар. Біз осы мүмкіндіктерді «Дәрігер бұрышы» кезінде жіті жеткіздік», — дейді Әкімбек Саурықбаев «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» алматы облыстық филиалының бас маманы.

Айта кетейік, осыған дейін аталмыш шара Жамбыл ауданында өткен болатын. Мұндай шаралар алда облыстың түкпір-түкпірінде жалғасын табады, — дейді ұйымдастырушылар.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысында 187,5 мың га жер цифрлық көшірмеге енгізілген

Ашықтық - мемлекет пен бұқара арасындағы байланыс құралы. Жергілікті атқарушы билікпен атқарылып жатқан жұмыстардан қараша хабардар болуы үшін таңдалған бірегей шешім. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен ондағы бастамалардың тиімділігін ашық
Новости

МӘМС: Шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға артты

МӘМС бойынша стоматологиялық көмекке 34 млрд теңге бағыттау жоспарлануда Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттары үшін шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекті қаржыландыру 6%-ға – 2023 жылғы 32,1 млрд-тан 2024 жылы 34
Новости

Қонаев қаласында такси жүргізушілеріне МӘМС жүйесі кеңінен түсіндірілді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің толыққанды іске қосылғанына биыл төртінші жыл. Жүйенің тиімділігі, оның мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасып келеді. ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиал өкілдері Қонаевтағы «Достар»
Новости

Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы