Новости

Күрделі әрі қымбат оталар МӘМС жүйесінде қолжетімді

Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Бұл туралы «Region» такси қызметі жүргізушілермен кездесуде ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы өкілдері мәлімдеді. Шара МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін, жаңашылдықтарын түсіндіру мақсатында өткізілді.

«Шұғыл және жоспарлы түрдегі қажетті ем-дом, соның ішінде күрделі, әрі қымбат оталар қолжетімді. МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады. Қазірде Алматы облысында бұрын соңды тек шетелде, я өзге облыста ғана жасалатын оталар, осы өңірде өткізіліп жатыр. Мәселен, биыл өңір орталығы Қонаев қалалық ауруханасында 500-ге тарта күрделі операциялар МӘМС аясында тегін жасалды. Халық сақтандырылған мәртебесінің қызығын көріп, алғысын жеткізіп жатыр», — деді кездесуде халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі басшысының м.а Әкімбек Саурықбаев.

Әкімбек Манасұлы Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін дәрілік заттардың тізімін едәуір кеңейтуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Атап айтқанда, амбулаториялық тізбеге жұқпалы және паразиттік аурулар, ас қорыту, эндокриндік бұзылулар, жүйке жүйесі, көру органдарының қабыну және қабыну емес аурулары мен қан айналымы жүйесінің, тыныс алу органдарының сырқаттары кіреді.

«Бүгінде амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 50-гу жуық, МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 атауы бойынша 80-ге тарта ауру қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмектерді алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне баруы керек. Естеріңізге сала кетейік, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі, — деді қор өкілдері.

Жиында тегін дәрі-дәрмекпен қамту, медициналық қызмет алу кезіндегі іс-әрекеттер айтылды. Мамандар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жіті жауап берді.

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ЛОР дәрігерлері мен акушер-гинекологтары жоспарлы түрде жүкті әйелге бір сәтте қос ота жасады. Келіншек ауруханаға мұрынның сол жақ бөлігінен тыныс жетіспеушілігі және қан кету шағымдарымен түскен.
Новости

Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?    

Шетел азаматтары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, барлығы медициналық көмек ала алады. Оның түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек ТМККК қаражаты
Новости

Жетісуда меценат гемодиализ орталығын ашты

Жетісуда тағы бір гемодиализ орталығы іске қосылды. «Туған жерге туың тік» дегендей, Сарқан ауданы Қарауылтөбе ауылында туып-өскен азаматтың меценаттық жасауымен Сарқан аудандық аурухана базасында гемодиализ орталығы ашылды. Оған кәсіпкер 60