Новости

Әкім сайлауы: Жолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлының сайлауалды бағдарламасы

Мен, Джолдаспеков Нұрсұлтан Бейбітұлы Алматы облысы Қарасай ауданы Жандосов ауылында туып өстім. Еңбек жолымды 2016 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының спорт ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы қызметінен бастадым. Мемлекеттік қызметке 2018 жылы келдім. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызметтің әр түрлі   лауазымдарында қызмет етіп, бір қатар тәжірибе жинадым. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып қызмет атқарудамын.

Ел азаматы ретінде халыққа қызмет етіп, елдің өркендеуіне өзіндік үлес қосу мақсатында «AMANAT» партиясының атынан Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округі әкіміне кандидатурамды үміткер ретінде ұсынып, саяси додаға қатысуды жөн санадым. Осыған орай осы уақытқа дейінгі жинаған кәсіби тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, Сіздердің назарларыңызға сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Бүгінгі таңда ауылдық аумақтарды кешенді дамыту мәселесі жергілікті атқарушы органға, оның ішінде ауыл әкімдеріне тікелей байланысты.

Әкім болу, ең алдымен, округ тұрғындарымен тығыз байланыста болу, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ауылды абаттандыру және коммуналдық шаруашылық саласын жақсартып-жаңғырту жолындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге асыратын адал қызмет деп санаймын.

Егер мені ауыл әкімі етіп сайлайтын болсаңыздар, мен округтің индустриялық, ауыл шаруашылық және туристік өсімінің жаңа моделін құруға, Президенттің Жолдауында айтылған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ат салысатын боламын. Сондай-ақ, мынадай өзекті мәселелердің оң шешімін іздейтін боламын:

  • ауылдық округте қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтай отырып, ортақ іс үшін жұмылдыру мақсатында Президенттің көреген басшылығымен құрылған мемлекеттік  бағдарламаларды іске асыруға барынша тырысамын;
  • округте шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып жандандыруға, округ жергілікті салық түсімдерінің есебінен бюджет көлемін өсіруге, халықты нарыққа сай мамандықтарға қайта даярлап өзін-өзі жұмыспен қамтуға баулу, ауыл тұрғындарының  табыс көздерін ұлғайтуға және ауылдың қоғамдық кеңес мүшелерінің келісімі бойынша, бюджет қаражатын мақсатты игеруге әкім ретінде қатаң бақылау жүргіземін;
  • ауылдың коммуналдық шаруашылық жағдайын жақсарту мақсатында ауыл аумағында орналасқан жаңа құрылыс жеке тұрғын үй алқаптарына көңіл бөлу. Жарықтандыру, көшелерді асфальттау, ауыз-су сапасын және ауыз су жүйелерін кезең-кезеңімен жаңарту.
  • ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыспен қамту әрекетін үздіксіз жүргізуге ерекше назар аудару қажет деп есептеймін. Көптеген ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға тарту және жұмыссыз ауыл тұрғындарына гранттар немесе несиелер алу және кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін жағдай жасау;
  • өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында заманауи технологияларды енгізу есебінен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу. Мемлекет беретін жеңілдіктерді пайдалана отырып, ауыл тұрғындарына осы саланы кеңінен игеруге және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бар екенігін кеңінен насихаттау;
  • учаскелік полиция қызметкерлерімен, ақсақалдар және қоғамдық кеңес пен көше комитетінің төрағаларымен өзара іс-қимыл жасай отырып, ауылды көгалдандыру мен абаттандырудан басқа, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, ауылдардағы көшелердің тазалығын қамтамасыз ету, санитарлық нормалардың сақталуын ұйымдастыру;
  • ауыл тұрғындарының өтініштері мен шағымдарын уақтылы қарау, заң шеңберінде шешім жолдарын іздеу, орындаушылық тәртіпті нығайтуға және естуші үкмет қағидасын басшылыққа алу;
  • жастар саясатының мәселелерін де назарда ұстау.

Сапалы білім мен тәрбиеге назар аудара отырып,  олардың бос уақытын тиімді өткізуге, яғни бұқаралық спортты дамытуға, мәдени орталықтардың жұмысын жандандыруға, аз қамтылған отбасыларды, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды назардан тыс қалдырмауға, ауыл кәсіпкерлерін қайырымдылыққа тартуға, қолдан келгенше көмек көрсетуге ынталандырып барлық мәселені округ активімен келісе отырып атқаратын боламын.

Құрметті жерлестер!

Ауылымыздың көркейуі мен үздіксіз дамып, заманауи құндылыққа қол жеткізу мақсатында әр біріміз азаматтық ұстанымды нығайтып, алда келе жатқан сайлауда белсенділік танытып, дұрыс таңдау жасауға шақырамын!

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округі әкіміне кандидат Н.Б. Джолдасбековтың сайлау қоры қаражаты есебінен төленген
Shares:

Related Posts

Новости

«Аймақтану» білім беру бағдарламасы қандай мамандықтарды дайындайды?

Халықаралық кеңістікті аймақтарға бөлу халықаралық қатынастарда жаңалық емес. Халықаралық қатынастар тарихында аймақтар империялар түрінде, ірі держава мен оның одақтастарының альянсы түрінде болған. Қазіргі кезде аймақтар халықаралық жүйенің дербес қызметі бар
Новости

Для жителей сельских населенных пунктов доступен 1 млн га пастбищ общего пользования

Местным исполнительным органам передано 946,6 тысяч гектаров пастбищ для общего пользования. А на конкурсной основе было предоставлено право на использование 715,2 тысяч гектаров пастбищ. О том, как ведется работа по
Новости

МӘМС аясында «DN Medicus Pharm» орталығында 65 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Біз Жамбыл ауданының ересектері мен балаларына алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық — диагностикалық көмек көрсетеміз. Емхана "Қайырымды қызмет көрсету емханасы" ұранымен жұмыс істейді және оның миссиясы "қазіргі заманғы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және медициналық-әлеуметтік
Новости

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640