Новости

Алматы облысының өнерпаздары Беларусь елінен жүлдемен оралды

7-9 маусым аралығында Витебск облысы, Поставы қаласында «Звіняць цымбалы і гармонік» халықаралық фестивалі өтті.
Аталмыш шараға Қазақстан, Грузия, Россия, Литва, Беларусь мемлекеттерінің өнерпаздары қатысты. Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы қазақ елінің абыройын арқалап, жүлделі болып қайтты.

Бірнеше күнге жалғасқан фестивальде «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамбльі, «Алтынай» мемлекеттік халық би ансамбльі, домбырашылар мен жеке дауыстағы әншілер көрермен көзайымына айналып, ұлт мәдениетін ұлықтады. Өнерпаздар түрлі номинация бойынша 4 жүлделі орын алды.

«Фестиваль аясында алғашқы күні жеке концерт қойдық. Одан кейін конкурсқа қатыстық. Бұл байқауға бір ай дайындалдық. Көпшілік өнерімізді жоғары бағалап, трио номинациясы бойынша жүлделі 1-орын иелендік. Өте қуаныштымыз, ұйымдастырушыларға ұжымның атынан алғыс айтамыз», — деді «Сазген» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концертмейстері Бейбіт Темірхан.

Айта кетейік, аталмыш шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Биыл фестивальде 120-ға жуық әртіс өнер көрсетті.

Shares:

Related Posts

Новости

Қазақстандағы шетелдіктер қандай медициналық көмекке жүгіне алады?    

Шетел азаматтары айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру диагнозы қойылса, барлығы медициналық көмек ала алады. Оның түрлері мен көлемдері ҚР ДСМ 2020 жылғы 9 қазандағы №121 бұйрығымен бекітілген. Медициналық көмек ТМККК қаражаты
Новости

МӘМС: Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар. Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады. Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық
Нурлан Аубакиров
Новости

В Карагандинской области избран председатель филиала партии Respublica

Председателем областного филиала партии Respublica в Карагандинской области избран Нурлан Аубакиров Родился в 1975 году в Карагандинской области. Окончил Карагандинский государственный университет по специальности «экономист», Гуманитарный университет им. Д.А. Кунаева
Новости

Алматы облысында көпбалалы ана үшем босанды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасында екі қыз және бір ұл дүниеге келді. Көпбалалы ана үшем босатынын естіген сәттен Жамбыл аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің ерекше бақылауына алынды. 30 апталық мерзіміне жеткенде