Медицина

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі?

Скрининг — бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау. Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі. Олар — 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар, 30 бен 70 жас аралығындағы ересектер, тәуекел топтары. Бұл туралы МӘМС қоры Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, бұл келесі ауруларға жүргізіледі.

Олар:

  • Мінез-құлықтық тәуекел факторлары
  • Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабеті
  •  Глаукома
  •  Жатыр мойны обыры
  • Сүт безі обырын қатерлі ісігі
  • Колоректалды обыр
  • В және С вирустық гепатиттері

Айтуларынша, скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек. Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті.

Shares:

Related Posts

Nothing Found! Ready to publish your first post? Get started here.