Без рубрики

МӘМС: Биыл Қонаев қаласында 25 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында МӘМС аясында 5000-ға тарта адам ем алған. Оның 2035-і жоспарлы түрде медициналық көмекке қол жеткізді. Мекемеде күндізгі стационарда 2 мыңнан астам тұрғын ем-дом қабылдады. Жалпы, жыл басынан 250 мыңға тарта қызмет осы міндетті медициналық сақтандыру аясында жүргізіліпті. Айта кетейік, облыс орталығындағы медициналық ұйымда бұрын-соңды өзге өңірлерде немесе шетелде жасалатын күрделі, әрі қымбат ем тұрғындар үшін қолжетімді. Осы тұрғыда, аурухананың тыныс-тіршілігімен танысу үшін нысан директорының орынбасарымен сұхбаттастық.

-Қайырлы күн, Қайрат Иманғалиев! Қазіргі таңда аурухана қызметіне тоқталсаңыз. Медициналық қызмет көрсетуде жаңашылдықтар бар ма?

-МӘМС-тің енгізілуі көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту және олардың көлемін ұлғайту бөлігінде ғана емес, сонымен қатар күрделі оталар мен жоғары дәлдіктегі диагностиканы күту ұзақтығын қысқарту мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Бүгінде МӘМС аясында 1066 ота жасалды. Дәрігерлерді де дамытуды, олардың кәсібилігін арттыруды ұмытпаймыз. МӘМС аясында 10 оқыту курсы жүргізілді. 2700 консультация берілді. Жыл сайын емхананың материалдық базасы күшейтіліп келеді. Мәселен, заманауи нархоз құрылғысы келді. Білесіздер, бұл ота жасауда теңдессіз аппарат. Аталған аппарат науқастың жағдайына мониторинг жасауда аса қажет. Біздің бөлім пациенттің жағдайын, яғни оттегі қажеттілігін, артериялық қысымын, тамыр соғысын бақылайтын жабдықтармен қамтамасыз етілген. Хирургиялық, гинекология бөлімдерінде лапараскопиялық құрылғыларды қолданамыз. Бұл әдіс тұрғындарға ота жасағанда тілікті үлкен етпеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 3-4 күнде науқас айығып, өзін жақсы сезінеді.

-Бұрын соңды шетелде жасалып жүрген оталар біздің Қонаев қалалық ауруханасында қолжетімді. Мысалы, травматология бөліміндегі жетістіктер жетердік. Өйткені, мұнда кез келген жарақат салдарын емдеуге, бұл тұрғыда күрделі оталарды жасауға барлық жағдай жасалған. Қажетті құрал-жабдықтар өзге мемлекеттерден алынды. Біздің дәрігерлер осы медициналық қызметті үйрену үшін Қазақстаннан тыс елдерге барып, оқыту семинарларынан өтті. Айта кетсек, Испания, Турция, БАӘ, Беларуссия, Ресей сынды мемлекеттерде өткен шеберлік сабақтарынан кейін барлық жаңа тәсіл осы аурухана қабырғасында қолданылып келеді.

-Сақтандырылу мәртебесін алу қаншалықты маңызды?

— Сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Бірақ, жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Дәрігерке келіп тексерістен өтіп, қажетті жолдамасын алып, квоталарға ие болады. Тек біздің ғана емханада емес, өңір мегаполис аумағында орналасқан соң, жолдама арқылы Алматы қаласындағы ірі клиникаларда да ем қабылдай алады. Сақтандыру мәртебесінің маңыздылығы – қымбат ем-домға оңай қол жеткізеді. Өйткені, кейбір көмекті алуға тұрғынның қалтасы көтере бермейді. Сондықтан әр ай сайын жарна төлеу арқылы, көп мүмкіндікке ие болуға болады. Мәселен, 1 айға жарна көлемі 3500 болса, 1 жылға 42000 болады делік. Қазірде талдаудың өзі 3 мың көлемінде. Яғни, тұрғынның денсаулығы сыр бергенде, бұл жылдық жарна сомасынан көп көмек алады. Десе де, ауырмаудың жолын іздеген жөн. Әр азаматқа салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығы зор болғанын тілеймін!.

-Кейбір тұрғындар МӘМС аясында дәрі-дәрмектің қандай түріне қол жеткізе алатынын білмей жатады. Дәрі қорына тоқталсаңыз.

-МӘМС нәтижесінде диспансерлік есепте тұрған көптеген азамат тегін дәрі-дәрмек пакетіне ие болады. Бұл халық үшін үлкен көмек. Біздің қорда барлық қажетті, жоспарға сәйкес дәрілік заттар жеткілікті. Бүгінде амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша 50-гу жуық, МӘМС жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 265 атауы бойынша 80-ге тарта ауру қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, амбулаториялық тізбеге жұқпалы және паразиттік аурулар (Лайма ауруы, желшешек, микоз, токсоплазмоз және т.б); ас қорыту ауруалары (Целиакия, тас ауруы, холецистит/холангит және т.б.); эндокриндік бұзылулар (аминқышқылдарының тасымалдануының бұзылуы); жүйке жүйесінің аурулары (Альцгеймер ауруы, бассүйек нервілерінің зақымдануы, Дюшен бұлшықет атрофиясы және т.б.); көру органдарының қабыну және қабыну емес аурулары (жедел/созылмалы блефарит, конъюктивит, галукома және т.б); қан айналымы жүйесінің аурулары (біріншілік өкпе гиперплазиясы, инфекциялық эндокардит және т.б) тыныс алу органдарының аурулары (жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жедел респираторлық инфекциялары, синусит, бадамша бездер және аденоидтардың аурулары, вазоматорлы және аллергиялық ринит).

-Сұхбатыңыз үшін рахмет, Қайрат Николайұлы! Ауырмайық, амандықта жүздесейік!

 

 

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Биыл Қонаев қаласында «Аңсаған сәби» бағдарламасымен 30-ға тарта отбасы сәбилі болды

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген “Аңсаған сәби” квотасы толығымен игерілді. Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Бүгінде елімізде
Без рубрики

Алматы облысында МӘМС арқылы 400-ге жуық ота жасалды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мүмкіндігі зор. Бұл жүйе аясында Алматы облысы орталығындағы көпсалалы ауруханада жыл басынан бері 400 ге жуық ота жасалған. Жуырда иық артериясы диагнозымен Қонаев тұрғынына операция жасалыпты.
Без рубрики

Соңғы жылдары МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызмет 7 есеге өсті

МӘМС жүйесі енгізілгелі дәрігерлердің консультациялары, зертханалық талдаулар және аспаптық диагностиканың саны 7 есе артты, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.  Биыл МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге 290 млрд теңгеге шарттар
Без рубрики

Шала туған нәрестелерді емдеуге арналған құрылғылар табысталды

"A-Class Medical" ЖШС Басқарушы компаниясы инвестиция жоспарына сәйкес, инвесторлардың қаражаты есебінен жаңа туған нәрестелерді емдейтін Интенсивті терапия палатасына (ИТП) неонатальды желдеткіш сатып алды. Осылайша, Талғар перзентханасының дәрігерлері енді бұл жабдықты