Новости

Әкім сайлауы: Ермек Жайлауұлы Өнербековтің сайлауалды бағдарламасы

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Өнербеков Ермек Жайлауұлының 2024-2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы

Құрметті жерлестер!

Мен, Онербеков Ермек Жайлауович, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақбақтыауылында дүниеге келдім. Үйленгенмін, 5 балам бар.

Орталық Азия университетін 2002 жылы аяқтап, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін 2016 жылы, Қазақ Ұлттық аграрлы университеті 2019 жылдары аяқтадым. Білімім – жоғары.

Еңбек жолымды 1998-1999 жылдары «СК Тұмар» ЖШС-нің шебері маманы қызметінен бастап, 1999-2002 жылдар аралығында «СК Тұмар» ЖШС-нің инженер-гидротехнигі қызметінде, 2002-2008 жылдары «СК Тұмар» ЖШС-нің бригадир қызметін атқардым. 2008-2010 жылдары «ЕркінА» ЖШС агроном қызметінде жұмыс жасадым. 2010-2013 жылдары «ЕркінА» ЖШС директорының орынбасарықызметінде жұмыс жасадым. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Балқаш ауданы Бақбақты ауылындағы «Әлмес» ЖШС-нің директоры қызметін атқарамын. 2020 жылдан  «AMANAT» партиясының мүшесімін.

Округ әкімі ретінде өз міндетімді Қазақстан Республикасының заңнамасының аясында өз өкілеттігімнің шеңберінде округті кәсіби басқару, округ тұрғындарының мүдделерін қорғау, округ әкімінің аппаратын сауатты басқару деп білемін. Округ әкімі ретінде мен өз жұмысымды бірінші кезекте халықпен, шаруа қожалықтарымен, кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасау мен ауыл өміріне белсенді қатысу үшін өзара әрекеттесуден көремін.

«АМАNАТ» партиясы мүшесі ретінде, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік осал отбасыларға және жастарға қолдау көрсетуге бағытталған партиялық жобаларды іске асыру үнемі назарымда болады.

Бүгінгідей күрделі кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім – кімге де сын болатынын жақсы сезінемін.  Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

 

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар алдағы 4 жылда:

✓ 2024 жылы Бақбақты ауылдық округі саябағының құрылысына ықпал етемін;

✓ 2024 жылы Бақбақты ауылдық округінің Хван, Абай, Топатаев, Барибаев, Макатаев, Рыскулов көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, және түнгі көше жарық орнатуға ықпал етемін;
✓ 2025 жылы Бақбақты ауылдық округіне қарасты «Арман» бала бақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін;
✓ 2025 жылы Бақбақты ауылдық округіне қарасты 10 жалгерлік үйлердің құрылысын жүргізуге үлесімді қосамын;
✓ 2026 жылға дейін Бақбақты ауылдық округінің ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін;
✓ 2027 жылға дейін Бақбақты ауылдық округіне балалар ойын алаңының құрылысын жүргізуге үлесімді қосамын;
✓ 2027 жылға дейін Бақбақты ауылдық округінің орталықтандырылған ауыз су жүйесінің ауылішілік желілерін толық жаңартуға үлесімді қосамын;
✓ 2028 жылға дейін Бақбақты ауылдық округіне қарасты Жамбыл №1 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етемін.
қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
✓ Ауыл халқының әл–ауқатын жақсартуға;
✓ «Жер Аманаты» партиялық жобасы аясында пайдаланбай жатқан жерлерді қайтаруға және  ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға;

✓ Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге жұмыс жүргізуге;

✓ Ауылға жас мамандарды тартуға күшімді саламын.
✓ Шағын және орта бизнесті дамыту үшін ауыл тұрғындарына жағдай жасау, «Ауыл Аманаты» партиялық жобасы арқылы өз қосалқы шаруашылығын және жеке кәсіпкерлікті дамытуға
✓ Спортпен шұғылданатын ауыл жастарын түрлі жарыстарға қатыстыру үшін жағдай жасап үлесімді қосамын.
Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылдық округі әкіміне кандидат Е.Ж. Онербековтың сайлау қоры қаражаты есебінен төленген
Shares:

Related Posts

Новости

Азаматтардың МӘМС-тегі мәртебесі бойынша топ-10 сұрақ

Пайдаланбаған ақшаны қайтаруға бола ма, неге МӘМС жүйесі жинақтаушы емес, жеке клиникада МӘМС есебінен қалай емделуге болады? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.   Мен «жұмыс істемейтін
Новости

Алматы облысы бойынша 400-ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы"ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, баланың
Новости

Қазақстанда былтыр 150-ге тарта адам донор кезегі жетпей көз жұмды

Қазақстан ағзаларды трансплантациялау бойынша жоғары технологиялық оталарды жүргізу үшін заманауи инфрақұрылымға ие. Отандық мамандар жүрек, бауыр, бүйрек, өкпе трансплантациясын жоғары деңгейде жүргізеді және трансплантация нәтижелері әлемдік стандарттарға сәйкес келеді, бірақ
Новости

Тәлімді де тағылымды кездесу өтті

Қарасай ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен еліне еңбегі сіңген белгілі тұлға Куляш Абдезовамен кездесу өтті. Жастарға арналған шара «Болашақ жастардың қолында» тақырыбында өрбіді. Куляш Нусуповна 1968 жылы Жамбыл қаласындағы гидромелиотивтік-құрылыс