Новости

МӘМС:Созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек алады?

МӘМС қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалы өкілдері созылмалы аурулары бар адамдар қандай медициналық көмек ала алатынын мәлімдеді. Айтуларынша, созылмалы аурулар бойынша медициналық көмек алу үшін науқастың диагнозы қойылуы керек. Медициналық қызметтердің көлемі және олардың кезеңділігі ДСӘДМ № 149 бұйрығымен бекітілген. Бұл бұйрықта созылмалы аурулар 3 топқа бөлінеді.

«ТМККК шеңберінде тіркеу емханасында байқалатын созылмалы аурулар. Бұған созылмалы жұқпалы аурулар, қан және қан түзуші органдардың аурулары, қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдары, ас қорыту органдары, тірек-қимыл аппараты және дәнекер тін, эндокриндік жүйе, тамақтанудың бұзылуы және метаболизмнің бұзылуы, жүйке жүйесінің аурулары, несеп-жыныс жүйесі, сондай-ақ перинаталдық кезеңдегі жекелеген жағдайлар және туа біткен ауытқулар (даму ақаулары), балалардағы деформациялар және хромосомалық бұзылулар жатады», — дейді қор өкілдері.

Мамандардың айтуынша, екінші ТМККК шеңберінде бейінді мамандар бақылайтын созылмалы аурулар. Бұл аурулардың 37 тобы, олардың ішінде жұқпалы аурулар, қатерлі және қатерсіз ісіктер, эндокриндік және неврологиялық, травматологиялық бейіндегі аурулар және т. б. Сонымен қоса, үшінші ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде бейінді мамандардың бақылауын қажет ететін созылмалы аурулар. Бұл аурулардың 80 тобы, олардың ішінде жұқпалы және паразиттік аурулардың салдары, қан мен қан түзуші органдардың аурулары, эндокриндік жүйенің аурулары, тамақтанудың бұзылуы және метаболизмнің бұзылуы, несеп-жыныс жүйесінің аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, көз аурулары, есту органдарының аурулары.

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

Елордада Жас мамандарға арналған «Jas Kenes Siylygy» сыйлығының иегерлері анықталды. Бұл марапат елімізде биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Жеті аталым бойынша өткен конкурсқа 700-ден аса азамат қатысуға ниет білдірген. Нәтижесінде
Новости

Бак эндокардит: 6 ай бойы өздігінен емделген науқастың жүрегінде ақау анықталған

Жамбыл ауданының дәрігерлері 6 ай бойы емін таппаған науқастың жүрек ақауы бар деген күдігі расталып, ауруын дәл анықтаған. 31 жастағы аудан тұрғыны ауруы асқынған шағында жергілікті Жамбыл аудандық ауруханасына жүгінген.
Новости

Ауыл медицинасының әлеуеті артып келеді

Алматы облысында 1 млн 500 мыңнан астам халық бар. Олардың 80 пайыздан астамы ауылдық жерде тұрады. Аймақта ауыл медицинасының ахуалы күн санап жақсарып келеді. Мәселен, Қарасайға қарасты Елтай ауылдық округіндегі
Новости

МӘМС аясында «DN Medicus Pharm» орталығында 65 мыңға тарта тегін медициналық көмек көрсетілді

Біз Жамбыл ауданының ересектері мен балаларына алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық — диагностикалық көмек көрсетеміз. Емхана "Қайырымды қызмет көрсету емханасы" ұранымен жұмыс істейді және оның миссиясы "қазіргі заманғы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және медициналық-әлеуметтік