Новости

«Аймақтану» білім беру бағдарламасы қандай мамандықтарды дайындайды?

Халықаралық кеңістікті аймақтарға бөлу халықаралық қатынастарда жаңалық емес. Халықаралық қатынастар тарихында аймақтар империялар түрінде, ірі держава мен оның одақтастарының альянсы түрінде болған. Қазіргі кезде аймақтар халықаралық жүйенің дербес қызметі бар бөліктері ретінде қарастырылады және алғаш рет XX ғасырдың басында дербес бірлік ретінде қызмет ете бастады деп есептеледі.

Өткен ғасырдың екінші жартысында әлем аймақтарын зерттеу академиялық сала ретінде қалыптасты. Қазіргі күні аймақтану әлемдегі белгілі бір географиялық аймақтың мәдениетіне, тіліне, тарихына, экономикасына, әлеуметтануына және саясатына бағытталған пәнаралық академиялық саланы білдіреді. Аймақтанудың негізгі мақсаты студенттерді болашақ зерттеушілер, саясаткерлер және әлемнің белгілі бір саласы туралы арнайы білімі бар дипломаттар ретінде дайындау болып табылады.
«Аймақтану» білім беру бағдарламасы аясында белгілі бір аймақ елдерін өзара байланыста, кешенді түрде оқыту, сол аймақтағы халықаралық қатынастарды, тиісті халықаралық ұйымдарды, аймақтық бірлестіктерді, сондай-ақ әлемдік және аймақтық саясаттың, экономиканың дамуын, аймақтық қауіпсіздікті және таңдау бойынша екі шет тілін тереңдетіп оқыту қарастырылады. Аталған білім беру бағдарламасы аясында келесі аймақтар бойынша терең білім беріледі: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТМА), Батыс Еуропа аймағы, АҚШ және Канада аймағы, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймақтары.

Бұл аймақтарды оқыту олардың әрқайсысын саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан кешенді, тұтастық тұрғыда қарастыруды, сондай-ақ аймақтық ішкі үдерістерді, аймақ елдерінің сыртқы экономикалық қызметін оқытуды көздейді. Аймақтану халықаралық қатынастарды, құқықты, аударманы, мемлекеттік және жергілікті басқаруды жан-жақты зерттейді. «Аймақтану» білім беру бағдарламасының мақсаты аймақтану саласындағы аймақтық саясатты талдай алатын, аймақтық процестерді талдаудың негізгі заманауи ғылыми тәсілдер мен әдістерін қолдана алатын, алған білімдерін кәсіби қызметінде пайдалана алатын мамандарды даярлау болып табылады.
«Аймақтану» білім беру бағдарламасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультетінде 2002 ж. бастап жүргізіледі. Бұл білім беру бағдарламасын түлектері кеңесші, референт, дипломатиялық қызметкер, ғылыми қызметкер, мемлекеттік органдарда, сондай-ақ мемлекттік және мемлекеттік емес ұйымдарда сарапшы бола алады, сонымен қатар ғылым және білім мекемелерінде жұмыс істей алады.

Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесінде Қазақстан Республикасының ұстанымын нығайту, оның сыртқы байланыстарын дамыту үшін біздің елімізге аналитикалық жұмыстарға, келіссөздер жүргізуге және халықаралық бағдарламаларды үйлестіруге дайындығы бар, басқа да сыртқы байланыстар саласында қызмет істей алатын жоғары білікті аймақтанушылар қажет. Құрылғанына отыз жылға жуық уақыт ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультеті аймақтану саласының көптеген кәсіби мамандарын дайындап шығарып, олар бүгінде еліміздің мүддесін шетелде лайықты қорғап жүр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы Өтегенова А.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті халықаралық қатынастар факультетінің магистранты Арабова Б.

Shares:

Related Posts

Новости

Былтыр қонаевтық дәрігерлер инсультпен түскен 131 науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілгендердің қатарында 52 жастағы облыс тұрғыны Сәуле Ж. бар. Мамандар науқасқа МӘМС шеңберінде шұғыл ем - тромболитикалық терапияны тегін жүргізген. Бұл ишемиялық инсульт үшін жоғары тиімділігі
Новости

Токаев освободил от должности заместителя главы МВД

Токаев освободил от должности заместителя главы МВД, передает Tengrinews.kz со ссылкой на сообщение пресс-службы Акорды. Распоряжением Главы государства Рысбаев Айдос Какашаулы освобожден от должности заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан. Он занимал
Новости

Алматы облысының түкпір-түкпірінде «Дәрігер бұрышы» акциясы өтіп жатыр

Осы жолы игі бастама Қарасай өңірінде жалғасын тапты. «Дәрігер бұрышы» акциясы аясында қарасайлық тұрғындар тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Ерекше шара ауданның «Аport» атты ірі сауда кешенінде өтті. Дәрігерлер қант
Новости

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Дәрігер - хирург Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Сакенов Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция