Новости

Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасуда

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды.

Жалпы облыс бойынша 30 астам ескерткішке тазарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, оған 5000 астам адам қатысты. Оның ішінде, Орталық, Жеңіс және Ардагерлер саябағында өткен тазалық жұмыстарына Ауған соғысы, Чернобыль және еңбек ардагерлері мұрындық болды. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінде жас табиғат сақшыларының қатысуымен музей аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, соңы жас ұрпақты тарихи мұралармен таныстыруға арналған экскурсиямен жалғасын тапты.

Облыс аумағында жалпы 1155 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Осы аптада 70 тазалық шарасы жоспарланған: облыстың әдеби ұйым мүшелерінің қатысуымен облыс аумағындағы ақын-жазушылардың ескерткіштеріне, мектептің кадет сыныптарының оқушылары «Даңқ» аллеясы, «ҰОС ардагерлеріне» арналған ескерткіштерге тазалық шарасын жүргізеді. Одан бөлек, облыс орталығында биыл отбасын құратын 30 жұп көшет отырғызып, «Жас отбасылар» аллеясы ашылады. Талдықорған қаласының, Қызылтас саяжайы маңында «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық экофестивалі өтеді. Экофестиваль аясында аумаққа тазарту жұмыстары жүргізіліп, жас ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Аталмыш тазалық шаралары облыстың әр аудан, қаласында  жалғасын таппақ.

 

 

 

Shares:

Related Posts

Новости

Былтыр қонаевтық дәрігерлер инсультпен түскен 131 науқасты аман алып қалды

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілгендердің қатарында 52 жастағы облыс тұрғыны Сәуле Ж. бар. Мамандар науқасқа МӘМС шеңберінде шұғыл ем - тромболитикалық терапияны тегін жүргізген. Бұл ишемиялық инсульт үшін жоғары тиімділігі
Новости

Алматы облысында көпбалалы ана үшем босанды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының перзентханасында екі қыз және бір ұл дүниеге келді. Көпбалалы ана үшем босатынын естіген сәттен Жамбыл аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің ерекше бақылауына алынды. 30 апталық мерзіміне жеткенде
Новости

Әдеп — мінсіз қызмет кепілі

Этикалық нормалар қызметте жүрген әр жанға ортақ. Сала мен лауазымды таңдамайтын баршаға бірдей заң жүйесі төтеншеліктерді де айналып өтпейді. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз-мәслихатында айтылды.
Новости

Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу жолдары қандай?

Жетісу облысы денсаулық сақтау басқармасы өңірде кәмелетке толмаған қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандардың айтуынша, ерте жүктілік мәселесі бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі.