Қоғам

Қаскелеңде қаңғыған иттер тұрғындарды мезі етуде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері Жанарбек Әшімжанов, Мақсат Толықбай, Максим Рожин AMANAT партиясының Қарасай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қаскелең тұрғындары соңғы уақытта көшеде еркін жүріп-тұрудан қалған. Халық қалаулыларының алдына көмек сұрай келген зейнеткер Сапар Иманғалиевтің айтуынша, көшеде адамнан гөрі қаңғыған ит көп.

«Көшенің бойы тола қаңғыған иттер. Кішкентай балаларға зияны тиіп кете ме деп қорқамын. Базар маңында 15-тен аса итті санап шықтым. Оларға бір шара қолданса екен деймін. Жоғары жаққа жеткізіп, осы мәселе шешімін тапса», – дейді зейнеткер.

Мәжілісмендердің айтуынша, еліміздің аймақтарынан бұралқы иттер туралы шағым үнемі түсіп тұрады. Қазіргі уақытта мәселе рес­публика көлемінде көтеріліп, мәжілісте қаралуда.

Ал Іргелі ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Жұмағали Кемертоған ауылының өзекті мәселелерін атап өтті.

«Ауылда жол сапасы сын көтермейді. Небәрі 4,7 шақырым жолдың ой-шұңқыры көп. Жел сәлкүш алса, жарық өшіп қалатын «дәстүр» пайда болды. Онымен қоса электр энергиясының бағасы бір киловатт үшін 35 теңгеге дейін жетеді. Бұл өте қымбат. Ал 5 мыңнан аса бала оқитын ауыл мектебінің толып кету мәселесі тағы да толғандырады», – дейді тұрғын.

Мәжіліс депутаттары жағдаймен жіті танысып, аталған мәселелердің оң шешілуіне күш салатындарын жеткізді.

Айта кету керек, өткен жылы Қарасай ауданында 6 мектеп ашылды. Ал Кемертоған ауылында үшауысымды мектептің мәселесін шешу үшін 2027 жылға дейін партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 1500 орындықты 2 мектеп салу жоспарланып отыр.

Shares:

Related Posts

Қоғам

Қарызсыз қоғам: Алматы облысының сарбаздары қаржылық сауаттылықтарын арттырды

Жоба аясында өңірде жалпы 9 мыңға жуық азамат қаржылық сауатын арттырды. Бүгін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты оқыту бойынша ауқымды жоба жалғасты. «Бүгін аманаттықтар
Қоғам

Алматы облысы: Аманаттықтар азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеді

Өңір бойынша азық-түлік тауарларының, дәрі-дәрмек, жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру мақсатында партия жанынан мониторинг топтары жұмыс атқаруда. «Жыл басынан бері мониторинг топтары 749 нысанға барды. Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында біз
Қоғам

Министр Аида Балаева Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

Президенттік реформалар ұзақ мерзімді нәтиже беріп, Қазақстанның дамуы үшін берік іргетасқа айналуда. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Алматы облысының тұрғындарымен кездесу барысында айтты. Кездесуде Мемлекет басшысының
Қоғам

Қарасай ауданының тұрғындарына құқықтық көмек көрсетілді

Қарасай аудандық «AMANAT» партиясында «Құқықтық көмек» жобасы аясында жекеше нотариус, заңгер, адвокат, жеке сот орындаушысы және медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізді. Өткен қабылдауға Қаскелең қаласы, Шамалған, Кемертоған ауылдарының тұрғындары қатысты. Аудан