Новости

Қазақ ән өнерінің қара нары Нұрғали Нүсіпжанұлы Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов туған күні қарсаңында Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды. Ән өнерінің дарабозына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы мен жылы лебізін жеткізді.

Әнші, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылдың 5 қаңтарында қазіргі Жетісу облысының Кербұлақ ауданы Доланалы ауылында дүниеге келген. Мектеп жасынан бастап ән өнеріне құмартып, 19 жасында кәсіби, жан-жақты білім алуды қолға алады. 1956 жылы музыка өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. Мұнда ол белгілі ұстаз – Қазақстанның халық әртісі Надежда Николаевна Самышинаның класында жеті жыл оқыды. Консерваторияны бітірген соң Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қызметке жіберілген. Осы кезден бастап еліміздің кей аймақтарында концерт бере бастапты. Мұнда екі жылдай әншілік қызмет атқарған.

Бұдан кейін Нұрғали Нүсіпжанов Қазақ телевизиясы мен радио хабарларын тарататын мемлекеттік комитетінде қызмет етеді. Бұл ұжымда музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісіне дейін көтерілді. 1976 жылы Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестріне жетекші әншілікке қабылданды. Осы сәттен бастап әншілік шеберлігін шыңдап, халық ықыласына бөленеді.

Нұрғали Нүсіпжановқа арнап Нұрғиса Тілендиев «Саржайлау», «Ақ құсым», «Балдызым», «Куә бол», «Әкеме», «Әжеме», «Жетісуым», «Қапшағай», «Келе жатыр құс қайтып» сынды жиырмаға жуық ән жазған. Ол М.Маңғытаевтың «Сағыныш», Ә.Бейсеуовтың «Айнашым», «Мұңайма», «Аспан қызы», Қ.Қуатбаевтың «Қарындас», «Шолпаным», Т.Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда» сияқты көптеген эстрадалық әндерін сахнаға алып шыққан.

Әнші Құрманғазы атындағы оркестрде 20 жыл жетекші әнші болып қызмет атқарған соң, «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Жазира» атты аспаптық ансамблін ашты. Сол кезден бастап әнші жас таланттарды
таңдауға, ансамбльге тартуға кіріседі.
Әрі қарай ансамбль ел өңірлері мен шет мемлекеттерде концерт берді.

Халқына өшпейтін үн, өлмейтін ән сыйлаған Нұрғали Нүсіпжанов бүгінде ел мәдениетін ілгерілету жолында еселі еңбек етіп жүр.

Shares:

Related Posts

Новости

Алматы облысы бойынша 400-ге жуық бала аутизм дерті бойынша тіркеуде тұр

Биыл өңірде аутизмге шалдыққандар саны 25 пайызға ұлғайған.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Облыстық психикалық денсаулық орталығы"ШЖҚ МКК директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Райгүл Тленова мәлімдеді. Спикердің айтуынша, баланың
Новости

Дәрігерлер денесінің 85%-ын термиялық күйік шалған баланы аман алып қалды

Өткен жылдың желтоқсан айында Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінде жылу жүйесінің жарылуы салдарынан 2017 және 2021 жылы туған екі бала термиялық күйік пен жарақат алып, Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда
Новости

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында МӘМС шеңберінде 12 мыңнан астам науқас емделді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Оны енгізудің арқасында бүкіл Қазақстан халқы үшін медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды. МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттары мынадай тезистерді қамтиды:
Без рубрики

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын