Без рубрикиҚоғам

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын компоненттерін де өзіміз өндіреміз. Сол себепті мен еліміздің аумағында АЭС салу жайына айрықша мән беремін. Түптеп келгенде, энергети¬ка қауіпсіздігі мәселесін геосаяси мүдде емес, нақты қажеттілік пен мүмкіндіктер тұрғысынан қарастырып, ғылыми зерттеулер негізінде шешкен жөн.

Ел ішінде АЭС құрылысына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жатқандар да бар. Бұл – түсінікті жайт. Көпшілік Семей ядролық полигонының қасіретін ұмыта қойған жоқ. Мұқият назар аударуды қажет ететін басқа да күрделі жайттар бар», — деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаның құны мен экологияға әсерін қаперден шығаруға болмайтынын айтады.

«Сондықтан бұл бастаманың мән-маңызын ескере отырып, АЭС құрылысына қатысты мәселені жалпы-халықтық референдумға шығаруды ұсындым. Халқымыз үшін аса маңызды осындай шешімдердің референдум арқылы ғана қабылданатыны 2019 жылғы сайлау алдындағы бағдарламамда нақты көрсетілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Әділетті Қазақстан қағидаттарының іс жүзінде орындалуы дегеніміз – осы.

Болашақта әлі талай қоғамдық талқылау өткізіледі. Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды жақтаған немесе қарсы болған сарапшылардың дәйекті пікірлерін барынша таразылап, ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді», — дейді Президент.

Shares:

Related Posts

Новости

МӘМС жүйесінің еңгізілуі көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтті

Бүгінде Алматы облысында сақтандырылған халық саны 1млн 200 мыңнан асады. Олардың 70 пайызына жуығы жеңілдік санатына жатады. Бұл азаматтар үшін мемлекет жарна төлеп келеді. Ол қатарда балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, «Алтын
Новости

Қонаевтық дәрігерлер ер адамның аяғын кесуден сақтап қалды

Қонаев көпсалалы ауруханасына 1974 жылғы науқас оң жақ аяғының қатты ауырып, ісінуіне шағымдануымен келіп түскен. 50 жастағы азамат өздігінен жүре алмай қалған. Ауруханада барлық ем ТМККК шеңберінде тегін тағайындалған. Дәрігерлер
Новости

Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының ЛОР дәрігерлері мен акушер-гинекологтары жоспарлы түрде жүкті әйелге бір сәтте қос ота жасады. Келіншек ауруханаға мұрынның сол жақ бөлігінен тыныс жетіспеушілігі және қан кету шағымдарымен түскен.
Без рубрики

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023