Жаңалық

Ерлан Қарин: Ауыл және аудан әкімдерін тікелей сайлау – бұрын-соңды болмаған саяси тәжірибе

Ел тарихында алғаш рет ауыл және аудан әкімдері тікелей сайланды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды. 

– Бұл – бұрын-соңды болмаған өзгерістердің бірі. Өйткені біз облыс тәжірибесінде бірінші рет атқарушы билік басшыларын тікелей сайлау режиміне көшеміз, — деді ол.

Қариннің айтуынша, сайлау кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, бүгінге дейін жаңа жүйе бойынша 2 мыңнан астам ауыл әкімі сайланған.

– 50 пайыздан астамы, қателеспесем, сайланған ауыл әкімдерінің 60 пайызы мемлекеттік қызметте бұрын-соңды жұмыс істемеген жаңа адамдар, — деді ол.