Новости

Қонаевта алғаш рет МӘМС есебінен алдыңғы қабырға грыжасы ауруын емдеу бойынша ота жасалды

Қазірде науқастың жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында. Отаны хирургия бөлімінің білікті мамандары жасады.  49 жастағы Дмитрий Литвинов қалалық көпсалалы аурхана ішқұрылысының ауырсынуына шағымданып, өте ауыр жағдайда түскен. Науқасқа тексеріс жүргізіп, нәтижесінде алдыңғы қабырға жарықшалары диагнозы қойылды. Мамандардың сөзінше, науқас ұзақ уақыт дәрігерлерге қаралмаған. Салдарынан ауруы асқынып кетіпті. Сондықтан, бірден ота жасау бөліміне жіберілді. Бүгінде емделушінің жағдайы жақсарған.

«Өте жақсы әрі қиын ота жасалды. Дәрігерлерге алғыс айтам. Өз жұмысын жақсы білетін адамдар. Маған тағы бір өмір сыйлады десем артық емес. Отадан кейін өзімді жақсы сезінемін. Сондықтан барлық дәрігерлер мен қызметкерлерге алғыс айтқым келеді», — дейді науқас Дмитрий Литвинов.

Науқастың диагнозын растау үшін арнайы ультрадыбыстық тексеру жүргізілді. Дәрігерлердің сөзінше ота жасау барысында тоқ ішектің жарамсыз бөлігі анықталған. Сондықтан, интроперация жасау туралы шешім қабылданып, ішектің резекциясына аностомоз қолданылды.

«Науқас шұғыл жағдайда түсті. Тексеріс қорытындысында ішек пен іштін ауруларына бойынша алдыңғы қабырға грыжасы анықталды. Бізде ота жасау үшін аппараттармыз бар. Отадан кейін науқас өзің жақсы сезінді. Бірнеше уақыт бақылауда болды. Жағдайы жақсарған соң үйіне жібердік», — дейді хирург-дәрігер Тахир Шкуралиев.

Қонаев қалалық көп салалы ауруханасында ота жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. Бүгінде Хирургия бөлімінде 7 білікті дәрігер жұмыс істейді. Кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында жыл сайын шетелдердің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасып, конференцияларға қатысады.

«Ауруханада ішек ауруларына қатысты отаны бірінші рет жасадық. Науқас өте ауыр жағдайда түсті. Бұған дейін бізде мұндай ауруларды емдеуге мүмкіндік жоқ еді. Бүгінде барлық аппараттар алынып, білікті мамандар жинақталды. Барлық дәрігерлер жас әрі білікті. Олар жыл сайын шетелдер өтетін конференцияларға қатысып, өзара тәжірибе алмасып жүр. Енді екі дәрігер Дубайда өтетін жиынғңа жиналуда. Бұл да біз үшін үлкен жетістік», — дейді аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ринат Ажибиев .

Айта кетерлігі, Қонаев көпсалалы ауруханасында 152 дәрігер, 300 аса мейірбике жұмыс істейді. Қатары жыл сайын жас мамандармен толығуда. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін арнайы оқыту курстары да қарастырылған. Мәселен, дәрігерлер Анталия, Дубай, Барселона, Түркия елдерінде өткен бірқатар семинарларға қатысты. Бұл дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады.

Shares:

Related Posts

Новости

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қонаев қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мақсат жұмыс іздегендерге жол сілтеу. Жұмыссыздар мен жұмыс беруші арасында байланыс орнату. «Qonaev city» орталығыда өткен шараны мансап орталығы ұйымдастырды. Бос жұмыс орындары
Новости

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640
Новости

Алматы облысының түкпір-түкпірінде «Дәрігер бұрышы» акциясы өтіп жатыр

Осы жолы игі бастама Қарасай өңірінде жалғасын тапты. «Дәрігер бұрышы» акциясы аясында қарасайлық тұрғындар тегін медициналық консультациялық-диагностикалық қызмет алды. Ерекше шара ауданның «Аport» атты ірі сауда кешенінде өтті. Дәрігерлер қант
Новости

«Аймақтану» білім беру бағдарламасы қандай мамандықтарды дайындайды?

Халықаралық кеңістікті аймақтарға бөлу халықаралық қатынастарда жаңалық емес. Халықаралық қатынастар тарихында аймақтар империялар түрінде, ірі держава мен оның одақтастарының альянсы түрінде болған. Қазіргі кезде аймақтар халықаралық жүйенің дербес қызметі бар