Без рубрики

2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

МӘМС жарналары мен аударымдары бойынша ставкалар өзгеріссіз қалады. Бірақ базалық есептік көрсеткіштің – ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – жаңа мөлшерлерінің бекітілуіне байланысты төлем сомалары өзгереді. Сонымен, келесі жылы МӘМС-ке қанша төлейміз? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының болжау басқармасының басшысы Ақтолқын Сұлтанова төлеушілердің барлық санаттары бойынша түсініктеме берді.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР – 3%
Жұмыс берушілер қызметкер үшін жалақының 3% мөлшерінде аударымдар жүргізеді, бұл ретте салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс, яғни жұмыс берушінің аударымдарының ең жоғары төленетін сомасы айына 25 500 теңгені құрайды.
Бұл қаражат қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, оларды жұмыс беруші кәсіпорын есебінен төлейді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР – 2%
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарты негізінде қызмет көрсететін жалдамалы жұмыскерлер мен жұмыскерлер МӘМС-ке ай сайынғы табысының 2% мөлшерінде жарна төлейді. Салық салу объектісі барлық жұмыс орындарынан айына 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауы тиіс, яғни қызметкердің жалақысына қарай, төлейтін ең жоғары жарнасы 17 000 теңге болуы мүмкін.
Егер екі жерде жұмыс жасасаңыз, жарналарды қалай есептеу керек?
Ақтолқын Сұлтанова атап өткендей, жарналарды төлеу кезінде шекті табыс барлық жұмыс орындарына қарай ескеріледі.

Мысалы, қызметкердің жалақысы 600 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, АҚС шарты бойынша қызмет көрсетіп, 350 000 теңге жалақы алады. Жалпы табыс 950 000 теңгені құрайды, яғни 10 ЕТЖ-дан асады. Бұл жағдайда қызметкердің бір жұмыс орнынан жарналар толық мөлшерде ұсталуы керек. Мысалы: 600 000 * 2% = 12 000 теңге. Ал екінші жұмыс орнында ең жоғары төлемнен қалған бөлігі ғана ұсталады: 17 000 теңге (ең жоғары төленетін жарна) – 12 000 теңге (бірінші жұмыс орнынан төленген жарна) = 5 000 теңге (екінші жұмыс орнынан жарна).Екінші жұмыс беруші жарна мөлшерін дұрыс есептеуі үшін қызметкер оған аударылған жарналар туралы бірінші жұмыс орнынан анықтама беруі керек. Анықтаманы тапсырмаған жағдайда екінші жұмыс орнынан жарналар толық мөлшерде ұсталады, яғни артық төленген сома қалыптасады», – деп түсіндірді қор өкілі.

БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕМ ТӨЛЕУШІЛЕР-21,5%.
Жалақыдан ұсталатын бірыңғай төлем – бұл бірқатар салық төлемдерін есептеудің стандартты әдісіне балама. Жалақыдан ұсталатын мындай бес төлемді біріктіреді:
— міндетті зейнетақы жарналары;
— әлеуметтік аударымдар;
— МӘМС жарналары;
— МӘМС-ға аударымдар;
— жеке табыс салығы.
Бірыңғай төлемді жеңілдетілген декларация және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнестің заңды тұлғасы пайдалануға рұқсат береді.
2024 жылы бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды. Бірыңғай төлемді ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияның шотына бір төлеммен жүргізіледі.

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР — 5 950 ТЕҢГЕ
Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ЕТЖ-дан 5% төлейді. 2024 жылы: (1,4 * 85 000) * 5% = 5 950 теңге.
Егер жеке кәсіпкер есептілікті «нөлмен» тапсырса, бірақ өз қызметін ресми түрде тоқтатпаса, онда ол Салық кодексі талап еткендей жарналарды төлеуді жалғастыруы керек екенін есте ұстаған жөн. Әйтпесе, қарыз пайда болады.

ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАН АЗАМАТТАР (БЖТ ТӨЛЕУШІЛЕР)
Бірыңғай жиынтық төлем кәсіпкерлік қызметті ЖК ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын бейресми жұмыспен қамтылған азаматтар үшін уақытша 5 жылға (2019 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін) енгізілді. Тиісінше, келесі жылы БЖТ болмайды. Сондықтан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебені екі жолмен ала алады:
— жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды ЖК ретінде төлеу;
— жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.

ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР – 4 250 ТЕҢГЕ.
Дербес төлеушілер үшін жарналардың мөлшері мына формула бойынша есептеледі: 5% * 1 ЕТЖ = 4 250 теңге.
Ақтолқын Сұлтанова сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушысы болудың ыңғайлы және тиімді тәсілін пайдаланып, жарналарды алдағы 12 айға дербес төлеуші ретінде төлей алатынын еске салды. Бұл жағдайда әр ай үшін төлемді жеке-жеке төлеген жөн. Бұл жағдайда өткен айлардағы қарыздар болса, жойылады.

МЕМЛЕКЕТ ЖАРНАЛАРЫ – 5 853 ТЕҢГЕ
Қазақстандағы МӘМС жүйесі әлеуметтік бағдарланғандықтан, мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін жарналарды төлеуді жалғастыруда. 2024 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңгені құрайды (мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,9%, яғни мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылға дейінгі орташа айлық жалақы).
ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫҒАНДАР, ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР, ДЕРБЕС ТӨЛЕУШІЛЕР ЖАРНАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕЙДІ
Төлемді екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ, Kaspi.kz, HalykBank мобильді қосымшалары арқылы, сонымен бірге Касса 24 және Qiwi әмиян өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы аударуға болады.
Маңызды:
• төлеушінің ЖСН және ТАӘ дұрыс көрсету;
• төлем жасап, 2-3 жұмыс күннен кейін МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеру, мәртебе берілмесе – төлемдегі деректерді жаңадан тексеру.
• жеке кәсіпкерлер назарына: салық органдарына есептілікті дайындау және тапсыру;
• өз қызметкерлерін төлем жасалғаны туралы хабарлау.

Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы
• Halyk мобильді қосымшасы
• BCC.KZ мобильді қосымшасы
• Kaspi.kz мобильді қосымшасы
• egov.kz электрондық үкімет сайты – «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызметі арқылы.

Shares:

Related Posts

Без рубрики

Екі жұп егізді Қонаев қаласының ерлі-зайыптылары Руслан және Алида тәрбиелеп отыр

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында Халықаралық балалар күніне орай, уақытынан дүниеге ерте келген сәбилерді салтанатты түрде құттықтады. Солардың қатарында Айша мен Әнел есімді егіздер бар. Апалы - сіңлілердің Әмина және Алина
Без рубрики

Соңғы жылдары МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызмет 7 есеге өсті

МӘМС жүйесі енгізілгелі дәрігерлердің консультациялары, зертханалық талдаулар және аспаптық диагностиканың саны 7 есе артты, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.  Биыл МӘМС аясында консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге 290 млрд теңгеге шарттар
Без рубрики

Алматы облысының мәдени ұйымдары «Рухани қазына – 2023» фестивалінде жеңімпаз атанды

Еліміздегі мәдени мекемелердің үздігі сараланған жарыста Алматы облысының өкілдері өзге қатысушылардан оза шауып, үздіктер қатарынан көрінді. Жамбыл ауданында орналасқан С. Аронұлының әдеби-мемориалды музейі «Үздік аудандық маңызы бар музей» деп танылды.
Без рубрики

АЭС салу мәселесін халық шешеді – Тоқаев

«Қазақстан үшін таза атом энергиясының мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын